Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Малайзия Ұлттық Университетінде ҚММУ магистранты тағылымдамадан өтті.

Малайзия Ұлттық Университетінде ҚММУ магистранты тағылымдамадан өтті.

13 Мамыр 2014

1-ші және 2-ші оқу жылындағы 20 магистрант Куала-Лумпуре қаласындаNationalUniversityof  Malaysia базасында магистратура  білім бағадарламасы негізінде  19-нан 29 сәуір аралығында  тағылымдамадан  өтті.

ҚММУ келісімімен, сабақ  Малайзияның денсаулық сақтау және ғылыми зерттеу менеджментіне арналды. Ғылыми тағылымдама негізінде магистранттар зерттеу жұмысының жоспарымен, GCP стандарттары және нормаларымен, ұлпалық инженерия аймағындағы зерттеулермен, ғылыми публикацияны дайындау және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу ережелерімен танысты. 

 Көрсетілген мерзімде тағылымдамашылар Peripheral Govt. Clinik,  Ulu Langat медициналық мекемелерінде, физиотерапия бөлімі және реабилитация, эндоскопия бөлімі және HUKM визуальды диагностикасында, ұлпалық инженерия ғылыми зертханасында, радиология бөлімінде болды. Магистранттар Малайзияның негізгі медициналық құжаттарымен танысты және эндоскопиялық манипуляция жүргізілуінде қатысты, сонымен қатар олар трансплантациялық ота үшін ұлпаның генезистік принциптерімен танысты.

Мәдениетті бағдарлама көлемінде олар негізгі Куала Лумпур, Мелака және Путраджаи көрікті қалаларына, қарттарға арналған тарихи религиялық Old Folks Home орталығына барып үлгерді.

Бағдарлама аяқталған соң магистранттар Малайзия  Ұлттық Университетінде ғылыми тағылымдаманы өткені туралы сертификатты иеленді.


0
20390

пікірлер

пікір қалдыру үшін.