Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ СОТ МЕДИЦИНАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫ СЕМИНАРЛАР.

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ СОТ МЕДИЦИНАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫ СЕМИНАРЛАР.

11 Мамыр 2014

Қазіргі таңда өмір сүру барысында  сонымен қатар өлім кезінде де диагнозды құрастыру өзекті мәселелердің бірі болып қала береді , бұл полипатия жиілігінің ұлғаюымен және диагноз құрастыруда бірлескен көзқарастың болмауымен байланысты, сырқаттылық құрылымы және халықтың өлімі жайлы статистика мәліметтерінің обьективтілігін төмендетеді, диагноздардың клинико-патологанатомиялық құрастырылуын қиындатады. Бұл мәселелер өз кезегінде алдын алу және емдеу шараларының жүргізілуі және жоспарлаудың адекваттылығына ықпал етпей қоймайды. Осыған байланысты патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.М.Түсіпбекова үнемі кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, оқытушы семинарлар және мастер-класс ұйымдастыру дәстүрге айналған. Кафедрада 2014 жылдың 28, 29, 30 сәуір аралықтарында «Патологиялық анатомия және сот медицинасының өзекті мәселелері», «Клиникалық,патологанатомиялық және сот-медициналық диагноздардың құрастыру ұстанымдары» тақырыбтарына оқу семинары жүргізілді.

Семинардың бағдарламасында диагноздарды құрастыру сұрақтары сөз етілді, ятрогенді патологияны бағалау және олардың категориясы, жарақаттық және жарақаттық емес бас миына қанұйылулардың  экспертизасы және морфологиялық диагностикасы, туберкулездің, жүректің ишемиялық ауруының, ТЩҚҰ- синдромының және шоктың морфологиялық  верификация сұрақтары қарастырылды. Семинар сабақтарын проф. М.М.Түсіпбекова, кафедра ассистенттері О.А.Костылева және Е.К.Камышанский жүргізді. Оқу семинарының жұмысына 28-адам - ҚММУ патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының-профессор оқытушылар құрамы, Қарағанды облысының патологанатом-дәрігерлері және сот-медициналық сарапшы-танатологтар, сот медицина сараптамасының республикалық орталығының Қарағанды филиалының сот-медициналық эксперт-гистологтары, Астана қаласының Ұлттық ғылыми медицина орталығының патологанатом –дәрігерлері, Алматы қаласының патологанатомиялық бюро патологанатом дәрігерлері  қатысты. Акушерлік және клиникалық тәжірибедегі ятрогенді патология жайлы проф. М.М. Түсіпбекова дәрісі тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын туындатты. Семинардың жұмыс барысында қызықты клиникалық жағдайлар, операциялық және биопсиялық материалдар  талқыланды.

Патологиялық  анатомия кафедрасы


0
19573

пікірлер

пікір қалдыру үшін.