Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түрік еліндегі лимфома және миелома бойынша ғылыми конгресс

Түрік еліндегі лимфома және миелома бойынша ғылыми конгресс

06 Мамыр 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлері №2 ішкі аурулар  кафедрасының доцент м.а., м.ғ.к. Д.Т. Амирханова мен молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы А.Ә. Сейілханова 2014 жылдың 24-27 сәуірінде Түрік мемлекетінің Анталия қаласында өткізілген «Діңгек жасушаларын алудағы жаңа технологияның бірінші курсы» лимфома және миелома бойынша 5-ші Ұлттық конгресске  қатысты. 

Конференцияның алғашқы күнінде діңгек жасушаларының трансплантациясының тарихы туралы, діңгек жасушаларын алу процессі, трансплантацияланған діңгек жасушалары сапасының білікті бақылауы қаралды. Алынған діңгек жасушаларының тіршілігін бағалау күрделі де маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты діңгек жасушаларының іріктелуі және ағымдық цитометрия әдістері, құралдармен жұмыс жасау демонстрациясы мен оларды тәжірибеде қолдану нақты қарастырылды.

 Конференцияның екінші күні гемопоэтикалық діңгек жасушаларымен трансплантациялауды қолдану арқылы көпшілік миеломаны емдеу сұрақтары бойынша, көптік миеломаның және біріншілік амилоидоздың ерекшеліктері қарастырылды.

ҚММУ қызметкерлері ходжкин және ходжкин емес лимфома бойынша сессияға қатысты. Конференцияның әрбір күнінің соңында қызықтыратын сұрақтар бойынша дискуссия болып отырды. Келесі жылдың кезекті конгресс отырысында Қазақстанның көптеген мамандарын шақырып өткізу жоспарлануда.

 Д.Т. Амирханова

 №2 ішкі аурулар  кафедрасының м.ғ.к., доцент міндетін атқарушы

А.Ә. Сейілханова

молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы


0
19339

пікірлер

пікір қалдыру үшін.