Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бірлік» алтын медалі»

«Бірлік» алтын медалі»

06 Мамыр 2014

Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының наградасы – «Бірлік» алтын медалін ҚММУ ректоры, облыстық ҚХА депутаттық топтың жетекшісі Раушан Досмағамбетоваға тапсырды

1 мамырда Қарағандыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар болып өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қаланың қақ ортасынан сәні мен салтанаты келіскен шеру жүріп өтті. Оған мыңдаған қарағандылықтар, этномәдени бірлестік өкілдері, жастар бірлестіктерінің мүшелері, еңбек ұжымдары мен студенттер қатысты. 
Орталық мәдениет және демалыс саябағында болған салтанатты жиында облыс әкімі Бауржан Әбдішев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

- «Бірлік түбі – береке» дейді дана халқымыз. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. 
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Себебі, біз бүгінгі табыстарымызға, ең алдымен, осы бейбіт өмірдің, тұрақтылық пен татулықтың арқасында қол жеткіздік,-деді аймақ басшысы.
Бауыржан Әбдішев Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында мәйекті сөзін де тілге тиек етті.
«Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз»,-деп баса айтқан болатын. 

- Бұл Ұлт лидерінің жүргізіп келген, жүргізіп отырған және жүргізе беретін сарабдал саясаты,-деді Б.Әбдішев. 
Тату елге ғана тыныштық орнап, бейбіт мемлекетте ғана береке болады. Елбасының ұстанған көпвекторлы саясатын, бейбітшілк пен келісімді нығайтуда облыс тұрғындар елеулі үлес қосып келеді. 100-ден аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрып жатқан аймағымыз халықтар достығының алтын бесігіне, құтты қонысына айналды.
Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының наградасы – «Бірлік» алтын медалін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Увайса Джанаеваға және облыстық ҚХА депутаттық топтың жетекшісі Раушан Досмағамбетоваға тапсырды. 
Олар бұл жоғары наградамен ұлттық бірлікті, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еселі үлесі үшін марапатталды.
Содан кейін "Достық шаңырағы" мерекелік концерті қойылды. 
Салтанатты шарадан кейін Бауыржан Әбдішев этномәдени бірлестіктердің көрмелерімен танысып, олардың өкілдерімен сұхбаттасты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі


0
19498

пікірлер

пікір қалдыру үшін.