Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ аруы 2014

ҚММУ аруы 2014

06 Мамыр 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жылсайын «ҚММУ аруы» сұлулық байқауын өткізу жақсы дәстүр болды. Алғашқы рет, бұрынғы 1995 жылы өткізілген, екі ондық жыл өткеннен соң қазіргі кезде байқау жоо-ның ең үлкен мәдени іс-шараларының бірі болып табылады.

Жоба дәстүрлі түрде университет басшылығы қолдауымен өтеді, ал ұйымдастырушысы болып ҚММУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі табылады. 2011 жылға дейін «ҚММУаруы» байқауы жоо-ның ішінде өтті. Кейінірек, іс-шараның белгілігінің артуына байланысты, ұйымдастырушылар әрекетті К.С. Станиславский атындағы драма театрының сахынасына көшіру туралы шешім қабылдады.

Байқау кастингі сәуір айының 5 жұлдызынан бастап ҚММУ акт залында өткізілді. Қатысушыларға көрсетілетін талаптар әжептәуір жоғары болды: белсенді өмір салтын жүргізу, жанасқыштық, сүйкімділік, ерекше дарындылық, артистілік, мысқыл сезім, жақсы үлгерім және жүріс-тұрыстағы әсемділік. Ұйымдастырушылардың сөзінше, талапкерлерді саралаудың басты талаптары болып қыздардың сыртқы келбеті ғана емес, одан басқа олардың ішкі дүниесінің байлығы табылады. Сөйтіп, ең жақсы талапкерлер тандалып алынды.

2014 жылы ҚММУ ең сұлу бойжеткеннің атағына 11 сұлу тартысты: Александра Кутимская (204 КЛД, медицина колледжі), Әсем Мадеш (2-034 ЖМ), Ләззат Ғазиз (1-002 ҚДС), Карина Мунтаева (1-075 ЖМ), Сандұғаш Беласарова (2-074 ЖМ), Самал Садулова (3-022 ЖМ), Әсел Шайкенова  (1-009 ЖМ), Айдана Молдабекова (3-019 ЖМ), Анелия Шалтабаева (1-082 ЖМ), Анар Базилова (1-006 Стом) и Дикша Сирохи (3-001 ЖМ). Бірақ әрбір байқаудың заңы қатал – жеңімпаз жалғыз болуы қажет. 

Биылғы жылы байқау әділ-қазылар алқасының құрамына «Сбербанк», «Цеснабанк» банктерінің, «Франт» сәндік үйінің, «Натали» сұлулық салонының өкілдері, сонымен қатар қызметкерлер, оқытушылар және студенттер кәсіподағының төрағасы Н.Н. Наурызов кірді.

Бірінші кезекте әділ-қазылар алқасы бойжеткендердің өнерге деген қабілеттерін, сонымен қатар медицина саласындағы білімдерін көрсетуін бағалады. ЖОО-ның беті болу – бұл улкен жауапкершілік екені айқын болды. 

"ҚММУ аруы" байқауы үш кезеңнен өтті: визитка, сұрақ-жауап, дарындар байқауы.

Сұлулық байқауларының дәстүрі бойынша бірінші сынау болып «визитка» тыбалды. Әрбір қатысушы өзі және құмарлықтары туралы әңімеледі, армандарымен және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Көрермендер қатысушыларды ыстық қолдап, әрбір қатысушыны ду қол шапалақтаумен ұзатып салды. Осыдан кейін қыздар тапқырлығын және зеректігін «Сұрақ-жауап» сайысында көрсетті.

Келесі кезең – дарындар байқауы, бұл сайыс кезінде ҚММУ аруы тәжіне таласышулар биледі, ән айтты, домбыра тартты және театр өнерінің элементтерін көрсетті.

  Үш байқау арасында байланыс ретінде түрлі киімдердегі қатысушылардың дефиле болды. Буруншуден бойжеткендер қуыршақ сияқты киінді. Содан соң, ұлттық киім үлгілерін кию қабілеттерін көрсетті. Ақырында, байқаудың қызығы – кешкі киімдердегі дефиле болды, бұл дефиле қыздардың биязылығын, кербезденуін жыне әрбір қатысушының кереметтігін ашты.

  Марапаттау сәтіне келіп жеткенде әділ-қазылардың дауыстары бөлінді: ерлер жартысы ең көзтартарлық және ұзын аяқтыларын таңдаса, ал әйелдер жартысы ең ақылдыларын таңдады. Сонымен жартысағаттық таластан кейін жеңімпаз белгілі болды. Қатал пікірталас, ең қызық көрсетілімдерді талқылау, қиын салмақта қорытындысында – «ҚММУ аруы 2014» сұлулық байқауының тәжі бірінші курс студенті Молдабекова Айданаға берілді. Тәжді ҚММУ экс-аруы Естаева Қымбат табыс етті. «ҚММУ аруы» сұлулық байқауының вице-мисс атағына профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің өкілі Ғазиз Ләззат ие болды. Тағы бір финалға шыққан қатысушы Сирохи Дикша «Сымбат аруы» номинациясында «Цеснабанктың» арнайы сыйлығына ие болды. «Дарынды аруы» титулын 2 курс студенті Мадеш Әсем жеңіп алды. «Көрермендер көзайымы» номинациясында сыйлық Садулова Самалға табыс етілді. Барлық қатысушылар құрмет дипломдары мен демеушілердің құнды сыйлықтарына ие болды.  

СӨӨБК ақпараттық секторы


0
21610

пікірлер

пікір қалдыру үшін.