Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
GCP бойынша тренинг (Good Clinical Practice)

GCP бойынша тренинг (Good Clinical Practice)

04 Мамыр 2014

Қазіргі кезде дәрілік препараттардың клиникалық зерттеулері бүгінгі фармакологияда маңызды орын алады. Фармацевтикалық нарықтың дамуы жаңа дәрі-дәрмектердің, сонымен қатар отандық өндірістің пайда болуымен жүргізіледі. Зерттеуді өткізудің маңызды тарауы болып дәрілік препараттардың клиникалық сынағын/зерттеуін өткізу және де зерттеушінің жоғарғы біліктілігінің  халықаралық қағидатын ұстау.

Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында ректордың 2014ж. 8 қаңтар № 3-1 бұйрығымен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ҚММУ клиникалық базаларында негізделген, клиникалық кафедра қызметкерлерімен өткізілетін, клиникалық сынақты бақылау бойынша Комитет құрылды. Комитетке дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасының қызметкерлері, университет кафедраларының өкілдері кірді. Комитет жетекшісі болып дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі – Калиева Шолпан Сабатаевна тағайындалды.

Клиникалық сынақты өткізуге қатысқан, дәрігерлер мен зерттеушілердің біліктілігін арттыру мақсатында 2014 жылдың 14-18 сәуір аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклы бойынша тренинг өткізілді. Тренинг ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен ұйымдастырылды. Дәріс курсын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Этика сұрақтары бойынша комиссия орталығының жауапты хатшысы, Облыстық оқыту орталығының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Сарымсакова Бахыт Еркешевна оқыды.

Тренингта Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының қызметкерлері, ҚММУ этикалық комитетінің өкілдері, базаларында жаңа отандық дәрілік препараттардың клиникалық сынақтары өткізілетін кафедра қызметкерлері қатысты. Тренингке қатысушылар арасынан зерттеуді ұйымдастыру сұрақтары, зерттеудің құжаттарын дайындау ережесі, сонымен қатар клиникалық зерттеулермен/сынақтарға қатысқан науқастың этикасы мен құқықтары айрықша назар мен пікірталас тудырды.

Тренинг аяқталуына қарай барлық қатысушыларға «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктер берілді.


0
19385

пікірлер

пікір қалдыру үшін.