Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

05 Тамыз 2024

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми немесе ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі)

«Әрине, біз жылдың басында жақсы нәтижекүткен едік, бірақ менің ойымша, біз алдағы уақытта жұмысты сәтті аяқтауға тырысамызжәне қолымыздан келгеннің бәрін орындаймыз. Баршаңызды құттықтаймын, рахмет достар» - деп атап өтті ғылыми және клиникалық қызмет жөніндегі проректор Е.М. Тургунов.

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР:

Жедел цереброваскулярлық ауруларды ерте диагностикалауда қан сарысуындағы биомаркерлерді және транскраниальды доплерографияны қолданудың тиімділігін зерттеу.Жетекшісі - Баттакова Шарбану Баттаковна

Спорттық қызметтің тиімді нәтижелері бар спортшылардағы төзімділіктің молекулалық-генетикалық механизмдерін талдау.Жетекшісі - Рыбалкина Дина Хабибуллаевна

Қоршаған орта мен өндірістік ортадағы асбест пен басқа талшықты бөлшектердің құрамы және тәуекелді бағалау.Жетекшісі - Отаров Ертай Жалгаспаевич

Әйелдерде зәр шығаруды ұстамаудың стресстік және аралас түрінде субуретральды уретропексия әдісін оңтайландыру -
Тургунов Ермек Мейрамович

Отандық өсімдік шикізаты негізінде Streptococcus mutans биофильмінің түзілуін тежейтін жаңа стоматологиялық емдеу-профилактикалық құралдардың технологиясын әзірлеу.Жетекшісі - Атажанова Гаянэ Абдулкахимовна.

0
915

пікірлер

пікір қалдыру үшін.