Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдарға грант

Жас ғалымдарға грант

10 Маусым 2024

Жас ғалымдарға грант

«Дала шалфейі негізіндегі жаңа препараттың клиникаға дейінгі зерттеулері» жобасы жас ғалымдарға арналған конкурста грант ұтып алды. Зерттеу авторы, Яна Константиновна Левая, PhD докторы және ҚеАҚ «ҚМУ» ғылыми бөлімінің қызметкері.

Жас ғалым Қазақстан флорасының өсімдіктерін қазіргі заманғы тәсілдермен (микротолқынды, ультрадыбыстық экстракция) зерттейді, сығындылар алады, олардың биологиялық белсенділігін зерттейді және дайын дәрілік формаларды алу технологиясын жасайды.

Дала шалфейінің құрамы бірегей және Дәрілік шалфейге қарағанда оның құрамында розмарин қышқылы өте көп. Құрамында фенол қышқылдары мен флавоноидтардың көптігіне, дәлірек айтсақ розмарин қышқылына байланысты дала шалфейі негізінде жасалған өнімдер антиоксидантты, қабынуға және бактерияға қарсы қасиеттергеие.

Жоба Қазақстан Республикасында жеткілікті резервтері бар, фармакопеялық түрге жатпайтын отандық шикізат негізінде жасалған,  жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған,жаңа дәрілік заттың клиникаға дейінгі зерттеулерінкөздейді. Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы барлық дәрі-дәрмектер Дәрілік шалфейден жасалады, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өседі. Осыған байланысты, шетелдік тасымалдаушылардың шикізатына тәуелділік түрінде проблема туындайды.

Өткен жылы Жас Ғалым байқауы аясында Дала шалфейінің құрғақ сығындысына негізделген жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын емдеуге арналған таблеткалар алынды. Жаңа грант қабынуға қарсы және антиоксандық белсенділіктерді, жедел, репродуктивті уыттылықты, иммуно уыттылықты, мутагендік, канценогендік, жалпы уыттылықты бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижесі - Дала шалфейінің құрғақ сығындысына негізделген дәрі-дәрмектердің қауіпсіздіқ болжамын жасауға, яғни жаңа дәрілік заттың,  Қазақстанның фармацевтикалық нарығына шығаруға қажетті клиникалық зерттеулердің жүргізілуіне мүмкіндік береді. Таблеткаларды тамақ ауруларына қолдануға болады, жұмсартатын және анальгетикалық әсері бар, тамақтың қабынуы мен тітіркенуін азайтады.

Жоба Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамытуға бағытталған, жұмыстың практикалық маңыздылығы - клиникаға дейінгі сынақтар кезеңінен өту арқылыденсаулық сақтау практикасына отандық шикізаттардан жасалған жаңа фитоөнімдерді енгізу, бұл болашақта клиникалық сынақтардың бірінші кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

0
1785

пікірлер

пікір қалдыру үшін.