Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Фрайбург университеті клиникасының профессорының сапары

Фрайбург университеті клиникасының профессорының сапары

16 Сәуір 2024

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар кафедрасында SES бағдарламасы бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу шеңберінде Фрайбург университеті клиникасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог-дәрігер, интернист Гебхард Вюртембергердің сапары өтуде. 

Сапар барысында профессор Гебхард Вюртембергер «Пульмонология (ересектердің, балалардың)» және «Ревматология (ересектердің, балалардың)» мамандықтарының резиденттері, сондай-ақ интерндер үшін пульмонологияның өзекті мәселелері (ӨСОА, бронх демікпесі, өкпенің интерстициальды аурулары) бойынша дәрістер топтамасын оқыды. Сонымен қатар тыныс алу мүшелерін аускультациялаудың және спирографияны орындаудың дұрыс техникасына арналған мастер-класстар өткізілді.

Гебхардт Вюртембергер ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Елена Михайловна Ларюшинамен сұхбат барысында кафедрада оқытудың ерекшеліктерін, әр түрлі деңгейдегі оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін талқылады. «Пульмонология (ересектер, балалар)» және «Ревматология (ересектер, балалар)» резидентурасының білім беру бағдарламаларының жетекшілері, профессорлар Ибраева Ләззат Катаевна және Алина Әсел Разаковна клиникалық тәлімгерлермен бірлесіп профессор Гебхардт Вюртембергерге пульмонология және ревматология ДСБ «Облыстық клиникалық аурухана» КМК клиникалық базасының мамандандырылған бөлімшелерімен танысуға, ӨСОА, бронх демікпесі, пневмония, өкпенің интерстициальды аурулары бар, оның ішінде дәнекер тінінің жүйелік ауруларымен байланысты күрделі науқастарды талдау бойынша мультидисциплинарлы консилиумдарға қатысты. Өкпенің интерстициальды ауруларын дифференциалды диагностикалау, ұзақ мерзімді оттегімен қамтамасыз ету, базистік және ситуациялық бронходилатациялық терапия, антифибротикалық терапия және т. б. қиындықтарға қатысты мәселелер талқыланды.

Профессор Гебхард Вюртембергер ішкі аурулар кафедрасында оқыту деңгейіне, сондай-ақ ПОҚ және клиникалық тәлімгерлердің біліктілігінің жоғары деңгейіне, резиденттер мен интерндердің құзыретіне, бөлімдерді жабдықтау деңгейіне тәнті болды. Профессор Гебхардт Вюртембергтің сапары кезінде оның әріптестерімен қарым-қатынасында «Пульмонология (ересектердің, балалардың)» мамандығы бойынша екінші курс резиденттері Андрей Владимирович Крылов пен Диана Аскаровна Жұмағалиева баға жетпес рөлдерін атқарды.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Гебхард Вюртембергерге біздің біліміміз бен дамуымызға қосқан құнды үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Профессор-оқытушылар құрамы мен резиденттер дәріс сабақтарында ұсынылған пайдалы материалды, сондай-ақ практикалық мастер-кластардың сапалы ұйымдастырылуын жоғары бағалайды.

0
1080

пікірлер

пікір қалдыру үшін.