Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылымдағы жастар – Жаңа Қазақстанның инновациялық әлеуеті

Ғылымдағы жастар – Жаңа Қазақстанның инновациялық әлеуеті

20 Наурыз 2024

2024 жылдың 15 наурызында Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында «Ғылымдағы жастар – Жаңа Қазақстанның инновациялық әлеуеті» атты студенттік ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияға 70 адам қатысты: мемлекеттік тіл және орыс тілінде білім алушы 1–2 курс студенттері және олардың ғылыми жетекшілері. Барлық баяндамалар ҚМУ КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының ПОҚ жетекшілігімен дайындалды.

Конференция президиумінің құрамына Тілдерді дамыту орталығының басшысы М.А.Маретбаева, ҚМУ КеАҚ ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы А.О.Омарова, профессор Б.М.Ибраева, қауымдастырылған профессор Д.В.Сизов кірді.

Конференция жұмысы үш секцияда жүзеге асырылды:

1. Қарағанды - ұлы дала ұлыларының Отаны.

2. Сөз - өнер: қазақ халқының шешендік өнері.

3. Тіларалық сөйлеу әрекетінің лингвистикалық аспектілері: аударманың өзекті сұрақтары мен мәселелері.

Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылды. Барлығы – 45 баяндама.

Секциялар жұмысының қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Пленарлық отырыста баяндама жасаған студенттер спикер дипломымен марапатталды.

Баяндама материалдары электрондық мақалалар жинағына енді.

Жеңімпаздар мен конференцияға қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта ғылыми-шығармашылық табыстар тілейміз!

0
1907

пікірлер

пікір қалдыру үшін.