Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанда бірінші

Қазақстанда бірінші

06 Наурыз 2024

Халықаралық FAIMER институтының (IFI) стипендиясын алған Қазақстаннан бірінші стипендиаты Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру орталығының басшысы Гүлшат Сейітмұратқызы Кемелова болды.

2024 жылғы 19 елдегі оқу орындарының медицина қызметкерлерінің 166 өтінішінің ішінен іріктеліп алынған ең үздік жиырма стипендиаттың қатарына енді.

Байқау комиссиясы үміткерлерді бар жетістіктері мен медициналық білімге айтарлықтай әсер етуі мүмкін жобалық ұсыныстары бойынша бағалады.

FAIMER (Foundation for Advanment of International Medical Education and Research) – 21 жыл бойы дүние жүзіндегі 10 аймақтық институтты біріктірген Халықаралық медициналық білім мен зерттеулерді ілгерілету қоры. Қазіргі уақытта 55 елден 2000-нан астам түлек осы Қордан оқудан өтті.

Екі жылдық онлайн стипендия бағдарламасы білім беру әдістері, көшбасшылық және менеджмент, білім беру зерттеулері, жобаларды басқару және бағалау бойынша оқытуды қамтамасыз етуге және бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы басқа мұғалімдермен берік кәсіби байланыстарды дамытуға арналған.

FAIMER халықаралық институтында оқу 2024 жылдың 3 маусымында басталады.

0
3124

пікірлер

пікір қалдыру үшін.