«Қостанай-Карағанды» форматындағы семинар
24 қаңтарда облыс әкімдігінің
алаңында ерекше семинар-дәріс өтті. Бейнеконференцбайланыс форматында еліміздің
екі өңірінің: Қарағанды және Қостанай облыстарының жетекші комплаенс-офицерлері
өзара пікірталас жасап және тәжірибе алмасты.
«Еліміздің басқа өңірлерімен тәжірибе алмасу идеясы бізге өткен жылдың соңында келді. Жыл бойы уәкілетті органдар оқыту семинарларынжәне мастер-класстарын өткізеді, барынша қашықтықтан әдістемелік қолдау көрсетеді. Басқа өңірлерде бізбен қатар біздің әріптестеріміз де осындай жұмыстармен айналысады» - деп сөзін бастап айтты Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы Карина Кистаубаева – «Осылайша, біздің комплаенс-офицерлеріміз Қарағанды медицина университетінің тәуелсіз қызметінің жұмысына қызығушылық танытты. Біз екі өңірдің қызметінің ерекшелігіне қарай талқыланатын мәселелердің ауқымын кеңейте отырып, әріптестерімізбен байланысып, телекөпір ұйымдастыруды ұйғардық».
Өткен жылы құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының майталман үздік қатысушылары сарапшылар ретінде сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорының құқықтық мәселелер және сату жөніндегі орынбасары Ескенова Жұлдыз, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС комплаенс-қызметінің бастығы Байжанов Данияр, Қостанай «KamLitKz» ЖШС комплаенс-офицері Идильбаева Анара, «Қостанай Жылуэнергетикалық компаниясы» МКК комплаенс-офицері Какимов Талғат сөз сөйледі.