Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық неврология бойынша жаңа білім алды

Пәнаралық неврология бойынша жаңа білім алды

17 Қараша 2023

2023 жылғы 9-10 қарашада Шымкент қаласында «Пәнаралық неврология» халықаралық қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Оған әртүрлі елдерден (Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Украина) спикерлер, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Астана және Семей қалаларынан келген отандық спикерлер неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің, функционалдық диагностика және оңалту, нейрохирургия және онымен байланысты пәндер саласындағы инновациялық технологиялардың, сондай-ақ пәнаралық проблемалар бойынша заманауи әзірлемелердің мәселелерін айқындады.

Құттықтау сөзді ҚР ДСМ Ғылыми және адами ресурстар департаментінің Медицина ғылымы және жаңа технологиялар басқармасының басшысы, м.ғ.к. Әукенов Нұрлан Ерденұлы, ОҚМА ректоры, м.ғ.д., профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас невропатологы Тұрыспекова Сәуле Тілеубергенқызы және т.б. сөйледі. 

Конференцияда «Жүйке жүйесінің сирек кездесетін аурулары: жетістіктері, проблемалар және перспективалар», «Нейрореабилитация, тәжірибе және жетістіктер», «Нейродегенеративті аурулардың заманауи аспектілері», «Ангионеврологияның негізгі аспектілері: невропатологтар мен нейрохирургтардың өзара әрекеттестігі» т.б сияқты түрлі секциялар бойынша баяндамалар тыңдалып, неврология саласындағы өзекті мәселелерді көтерілді.

Конференцияда Мейіргер ісі мектебінің «Нейрооңалту, тәжірибе және жетістіктер» секциясында м.ғ.д., профессор Киспаева Тоқжан Тоқтарқызы «3 кезеңдегі оңалту қызметін жетілдіру: келешегі мен мүмкіндіктері» атты баяндамамен сөз сөйледі. Спикер 3-кезең деңгейінде медициналық оңалтуды ұйымдастыру процестері, мобильді оңалту, оңалту процесіне заманауи технологияларды енгізу, амбулаторлық деңгейде пациенттердің болашағы мен мүмкіндіктері туралы мәселелерді қозғады.

Конференция аясында дәстүрлі түрде «Жас ғалым» секциясы өтті, онда «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Медицина» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты М. Амирбекова (ғылыми кеңесшілер: Т.Т.Киспаева, Ausra Adomaviciene) және 2 курс магистранты В.Ю. Яблонская (ғылыми жетекшісі: Киспаева Т.Т.) «Use of the ReHand rehabilitation system in the recovery of patients with cerebral stroke» баяндамасын ұсынды. Қазылар алқасы ұсынылған жұмысты жоғары бағалап, барлық баяндамалар арасынан ІІІ-ші орынды берді.


0
1356

пікірлер

пікір қалдыру үшін.