Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Теңге - тәуелсіздік символы

Теңге - тәуелсіздік символы

16 Қараша 2023

Қазақтың ұлттық валютасы – теңгенің пайда болғанына 30 жыл толуына орай, сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасында «Ұлттық валюта – Қазақстан тарихындағы ерекше белес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақстандық патриотизмді, ұлттық атрибуттар мен рәміздерді, тарихты, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, қазіргі жастарға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының әлемдік қоғамдастықта рөлі мен орнын анықтауға көмектесу.

«Жалпы медицина» мамандығының 2005 тобының студенті Орынбасар Ерболат Ерзатұлының домбырада орындауындағы музыкалық сәлемдемесімен дөңгелек үстелдің ашылуы өтті.

Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Никифорова Светлана Андреевна құттықтау сөз сөйледі.

«Банк Центр Кредит» АҚ кеңесшісі Сыздықова Роза Айсақызының («Ұлттық валюта теңгенің енгізілуінің бастаулары»), «Менеджмент және инновациялар» кафедрасының доценті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, PhD Салауатова Динара Мүсілімқызының, («Менеджмент: қаржылық тұрақтылықты қалай қамтамасыз ету керек»), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Пунтус Валерий Анатольевичтің («Қазақстанның қаржы жүйесі туралы») баяндамалары тыңдалды.

Спикерлердің баяндамалары өте мазмұнды болды, қауіпсіздік мәселелері бойынша спикерлер студенттерге құнды кеңестер мен ұсыныстар берді. Студент жастардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттері атынан «Биомедицина» мамандығының 1 курс 1004 тобының студенті «Жастар Қазақстанның ұлттық валютасы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

«Bank RBK» АҚ филиалы директорының орынбасары Рустам Мұратұлы Рахимов өзінің сараптамалық пікірін білдірді.

Дөңгелек үстелдің қонақтары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ  әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты – Джамалиева Ғазиза Жұмағалиевна, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ комплаенс қызметкері – Урмашов Александр Николаевич, Өмір туралы ғылымдар институтының академиялық жұмысы бөлімінің бастығы – Бокаева Әсемгүл Бақытжанқызы, «Биомедицина» мамандығының студенттері. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар, студенттер спикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойып, қызықты қызу әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Барлығыңызға ашық аспан және біздің валютамыз әлемдегі ең әдемі ғана емес, сондай-ақ ең тұрақты болуын тілейміз.

Ұйымдастырушылар: Рысбекова Б.Б. Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры; 

Джакупова Д.Е. Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры


0
1082

пікірлер

пікір қалдыру үшін.