Қазаннан келген жобалық топтың тағылымдамасы
18 Қазан 2023
2023 жылдың
19 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ
Татарстан Республикасы Үкіметінің «Алғарыш» грантының қолдауымен Қазан
мемлекеттік медицина университетінің жобалау тобының тағылымдамасынан өтті.
Жоба
тобының құрамына Қалыпты физиология кафедрасының, гистология, цитология және
эмбриология кафедрасының, қалыпты анатомия кафедрасының және Қазан мемлекеттік
медицина университетінің госпитальдық терапия кафедрасының профессорлары кірді.
Жоба тобының өкілдері "ҚМУ" КеАҚ
кафедраларының материалдық-техникалық базаларымен танысып, әріптестерімен
бірлескен зерттеу жобалары мен Интеграцияланған бағдарлама тұжырымдамасын
талқылады.
Жобалау тобының профессорлары PBL оқыту сабақтарына қатысты,
интеграцияланған ББ оқыту әдістемелерімен және құралдарымен танысты, академиялық
жұмыс департаменті мен ақпараттандыру бөлімімен осындай бағдарламалардың
кестесін құруды үйренді. Сонымен
қатар, жобалық топ интеграцияланған ББ бойынша оқулықтар жинағымен және «ҚМУ»
КеАҚ зерттеу зертханасының материалдық бөлігімен танысты.
Казанмен
әріптестерімізге «ҚМУ» КеАҚ-ның интеграцияланған бағдарламалар мәселесінде
кеңесші таңдауында көрсеткен құрметіміз үшін алғыс айтамыз!
Әріптестерімізге
бағдарламаларды табысты енгізуді және іске асыруды тілейміз және болашақта ЖОО
арасында осындай бірлескен жобалар көп болады деп үміттенеміз!
пікірлер