Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзекті инфекциялар қарастырылады

Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзекті инфекциялар қарастырылады

03 Шілде 2023

2023 жылдың 16-17 маусымында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында «II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырды.

Конференцияның сұрақтары балалар мен ересектердегі жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, клиникасы, емдеу және алдын алудың өзекті мәселелеріне арналды.

Бұл ауқымды ғылыми-тәжірибелік іс-шара «Тәжірибе бөлісу-көрсету-айту» форматында жүзеге асты.

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Ресей, Татарстанның жетекші ғалымдары қатысты.

Конференция пленарлық отырыс, 4 секция, жас ғалымдар байқауы, 10 постерлік баяндамалар аясында өтті. Барлығы 54 баяндама тыңдалды.

Конференцияны ашқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының директоры М.М.Рысбеков, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисті Кошерова Б.Н., сондай-ақ көршілес елдердің жетекші сарапшылары.

Пленарлық отырыстың модераторы профессор Кошерова Б.Н., №1 жұқпалы аурулар секциясында профессор Бегайдарова Р.Х. болды.

Конференция бағдарламасы өте кең болды және бірнеше бағытта жүргізілді: жедел респираторлық вирустық және ішек инфекциялары, нейро- және ауа-тамшылы инфекциялар, гепатиттер, ерекше қауіпті инфекциялар, Covid-19, тәжірибеден алынған ескертулер, жаңа және ескі инфекциялар.

Қарағанды ​​медицина университеті атынан жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының ғалымдары: медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Бегайдарова Р.Х. және медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Алшынбекова Г.Қ. қатысты.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, РЖА академигі Бегайдарова Р.Х. баяндамасы: «Желшешек кезіндегі асқыну» (Деструктивті пневмония дамыған баладағы желшешектің ауыр ағымыныңклиникалық жағдайын сипаттау) өз тәжірибесінен және емдеуден клиникалық бақылау тұрғысынан қызығушылық тудырды.

Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Алшынбекова Г.Қ. баяндамасы «Балалардағы цитомегаловирусты инфекция, диагностика және емдеу сұрақтары, бұл да автордың жеке деректерімен қызықты болды.

Конференция қызу пікірталас аясындаөтті. Баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Қорытындылай келе, конференцияға қатысушылар модераторларға конференцияны жақсы ұйымдастырғаны, егжей-тегжейлі және қызықты баяндамалары үшін алғыстарын білдіріп, ғылым мен тәжірибенің бұдан әрі ынтымақтастығына сенім білдірді.

Бегайдарова Роза Хасановна - м.ғ.д, профессор жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының, РЖА академигі


0
3728

пікірлер

пікір қалдыру үшін.