Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жаңа Қазақстан» құрылысы және жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру»

«Жаңа Қазақстан» құрылысы және жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру»

30 Маусым 2023

"Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасының іс-шараларын іске асыру мақсатында «ҚМУ» КеАҚ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен бірлесіп "Жаңа Қазақстанның құрылысы" және құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру» тақырыбында тұрақты жұмыс істейтін "Жаңғыру жолы" әдістемелік семинарының отырысын өткізді. Семинардың модераторлары: С.А. Никифорова, А.С. Ламанова, О.А. Ковтун, Ю.Г. Осинцева.

   Семинар аясында Қарағанды медицина университеті мен  А.А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетің студенттері, Қарағанды облысы кәсіподақ орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесі. Кездесудің географиясы кең және әр түрлі қатысушылармен қамтылды.

Бұл іс-шараның мақсаты медицина саласындағы болашақ маманның, тек дәрігер ғана емес, кез келген басқа маманның, құндылық көзқарастарын зерттеу қажеттілігін талқылау болды. Қазіргі әлемде қандай құндылықтарға басымдылық берілетінін және олардың қайсысын қалыптастыру керектігін талқылау. 

Іс-шараны ҚМУ КеАҚ қызметкері офицер А.Н. Урмашов ашты. Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Баграмова Аймира жиналғандар алдында сөз сөйлеп, атқарып жатқан жұмыстарының ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Ол болашақта сұрақтар туындаған жағдайда еңбек заңнамасы саласында көмек алу үшін хабарласу үшін байланыстарымен бөлісті. 

ҚМУ КеАҚ-ның 1 курс студенттері Ким Мария, Быстров Иван, Исакова Валерия, Колкова Юлия, өз сөзінде студенттер арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталды. Олар бүгінде жастар мұндай құбылысты «неке» деп қабылдайтынын айтты.

ҚМУ КеАҚ-ның ХҚМФ, 2 курса студенті Чинмайя «Үнді қоғамындағы әйелдер рөлінің трансформациясы» тақырыбындағы баяндамасымен қызу пікірталас пен көптеген сұрақтар туғызды. Көрермендерге қазіргі үнді әйелінің, тәуелсіздікке дейінгі қарым-қатынасы туралы айтылды.

КеАҚ ҚМУ стоматология мектебінің 1 курс студенттері Ахмерова Айша, Байсова Сабина, Денисенко Валерия, Степанчук Маргарита, өз сөздерінде қазіргі қазақстандық жастар арасындағы дін туралы түсінік берді.

Дін тақырыбының жалғасында келесі сөз кезегі А.А. Сағынов атындағы «ҚарТУ» магистратурасының 1 курс студенті Қазкен Гүлжанға берілді. Ол заманауи ислам өркениетінің құндылықтары туралы айтты.

ХҚМФ-нің 2 курс студенті Джангид Дев өз сөзінде қазіргі үндістердің өміріндегі дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығын, олардың қазіргі уақытта қаншалықты маңызды екенің атап өтті.

Іс-шараның барлық қатысушылары құндылық көзқарастарды қалыптастыру саласындағы әдістемелік, кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ететін семинардың жоғары деңгейін, танымдық әсері мен қолданбалы маңыздылығын атап өтті.

Қортындылай келе, нәтижелер қортындыланып, ҚМУ КеАҚ базасында жүзеге асырылуы, мүмкін практикалық сипаттағы ұсыныстар жасалды, сондай-ақ одан ірі ынтымақтастықтың бағыттары мен мүмкіндіктері және т.б.

 Шара спикерлері, модераторлары мен семинарға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары


0
3833

пікірлер

пікір қалдыру үшін.