Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тарихи-өлкетану үйірмесінің онлайн отырысы

Тарихи-өлкетану үйірмесінің онлайн отырысы

23 Маусым 2023

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасымен ҚМДБ-ның тарихи-өлкетану үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараның форматы онлайн, өткені жиналысқа қатысушылардың кейбірі басқа қалаларда болды, соның інінде Астанада.

1-курс студенті Абдигафуров Данил кездесу бағдарламасымен түрлі-түсті скринсейвер дайындады, тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Абенова Адель,  ВК және «Телеграмм» әлеуметтік желілерінде хабарландыру жариялап, үйірме мүшелеріне арнап парақшалар ашты.  

  Алғашқы сөзді қоғамымыздың ұзақ жылдар бойы тұрақты мүшесі болған реабилитолог-резидент Калыбекова Айя дайындады. Ол Грузиядағы туристік сапары туралы айтты. Біз тарихи ескерткіштердің, көне монастырлардың, табиғаттың фотасуреттерін көрдік және грузин тағамдарының ерекшеліктерімен таныстық. Кездесудің онлайн форматына қарамастан, біз спикерді қошеметпен марапаттадық.

  Екінші презентация уролог-андролог мамандығының таңдауға арналды: оны бірнеше жылдар бойы біздің үйірме жұмысының белсенді қатысушысы болған Кенжибаева Айгерим дайындаған. Жас дәрігердің неліктен мұндай мамандықты таңдағаны туралы өте эмоционалды, шынайы әңгімесін естідік,  Айгерим өз кәсібін, емделушілерін қаншалықты жақсы көретінін сезіндік, қиын жағдайлар мен операциялар туралы әңгімені (фотосуреттен), көріп естідік. Бұл әсіресе бакалавриат студенттерді қызықтырды. Екінші спикердің сөзі қол шапалақтаумен аяқталды. Спикерлер желідегі аудиторияның көтеген сұрақтарына жауап берді.

  Кездесуге біздің бөлім меңгерушісі Никифорова Светлана Андреевна қатысып, баяндамаларды талқылауға әдеттегідей белсенді қатысты. 

 Біздің ойымызша, университетіміздің студенттері таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілік, салауатты, белсенді өмір салты сияқты маңызды ұғымдарды меңгеруі өте маңызды!

  Тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі:

ассистент-профессоры  Долгополов А.Б.


0
3297

пікірлер

пікір қалдыру үшін.