Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды медицина университеті – SDSN Kazakhstan мүшесі

Қарағанды медицина университеті – SDSN Kazakhstan мүшесі

14 Маусым 2023

Қарағанды медицина университеті 2022 жылдың 8 маусымында Қазақстанда ресми түрде іске қосылған SDSN Kazakhstan мүшесі болып табылады. Қазіргі таңда SDSN Kazakhstan 25 мүшеден тұрады. Осы мүшелік шеңберінде 2023 жылдың 30 мамырында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары бойынша SDSN Kazakhstan 1-ші конференциясы өтті.

Конференция 6 панельдік сессиядан тұрды, онда 19 спикер сөз сөйледі. Қарағанды медицина университетінің атынан PhD, Қоғамдық денсаулық мектебінің қауымдастырылған профессоры Омарова Алуа Ораловна “Assessment of satisfaction of patients and staff with the current access to and the quality of water supply, sanitation and hygiene in rural health-care facilities” тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды. Конференция панельдеріне тіркелген қатысушылардың жалпы саны 356 (225 бетпе-бет және 131 онлайн) құрады, бұл конференция тақырыптарына шынайы қоғамдық қызығушылықты көрсетеді.

Панельдік сессиялардың тақырыптары SDSN Kazakhstan зерттеулерінің 3 басым бағытына сәйкес әзірленді:

1) Жер, су және қауымдастықтар (SDG 1, 2, 6, 11, 14, 15);

2) Энергия және климат (SDG 7, 13); және

3) Білім және серіктестік (SDG 4, 10, 17).

Конференция аясында халықаралық ұйымдар, өнеркәсіп, қоғамдық ұйымдар мен университеттер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катцу өзінің қорытынды сөзінде мүдделі тараптар арасындағы тұрақты және сындарлы диалог үшін SDSN конференциясы сияқты алаңдардың маңыздылығын атап өтті. Конференция мүдделі тараптар арасындағы мұндай диалог Қазақстанда тұрақты даму үшін практикалық шешімдерді әзірлеуге әкелетіні туралы оң хабарламамен аяқталды.


0
1686

пікірлер

пікір қалдыру үшін.