Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Волейбол - салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы

Волейбол - салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы

29 Мамыр 2023

«ҚМУ» КеАҚ-нда көптеген жылдар бойы ЖОО қызметкерлері арасында волейбол ойыны бойынша «Денсаулық» тобы жүргізіліп келеді. Ондағы сабақтар денсаулықты нығайтуға бақытталған. Бұл топта негізінен қаланың жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға және біздің университеттің спартакиадаларына қатысатын ер адамдар қатысады.

Биыл волейбол ойынын ұнататын әйелдер қауымы қызығушылық танытқанын атап өту керек. Жаттығудың басында олар сенімсіздік танытып, ерлер мен әйелдер арасындағы ойында түсініспеушіліктер болды. Әр жаттығу кезінде әйелдер ойын тәжірибесін жинайды, дұрыс доп беруді, қозғалуды және бір-бірімен өзара әрекеттесуді үйренді. Табан тірескен жаттығулар өз жемісін берді, ойын басқа деңгейге көтерілді деп айтуға болады.

«Денсаулық» тобында жұмыс істей отырып, қызметкерлер еңбек қызметінен алшақтап қана қоймайды, сонымен қатар сергектік пен жағымды эмоциялар алады.

Құрметті қызметкерлер салауатты өмір салтына қосылыңыздар, спортпен шұғылданыңыз.

Барлығына денсаулық, сәттілік және жақсы көңіл-күй тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


0
1028

пікірлер

пікір қалдыру үшін.