Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
28 сәуір күні университетіміздің кітапханасы қабырғасында «Кітапхана түні-2023» кітап оқуды қолдауға арналған дәстүрлі акция өтті. Акция салтанатты құттықтау мен музыкалық нөмірлерден басталды.

28 сәуір күні университетіміздің кітапханасы қабырғасында «Кітапхана түні-2023» кітап оқуды қолдауға арналған дәстүрлі акция өтті. Акция салтанатты құттықтау мен музыкалық нөмірлерден басталды.

11 Мамыр 2023

Әдетте кітапханада  тыныштық және жұмыс  атмосферасы болатынын  бәрі біледі, бірақ бұл күні кітапхана өзгерді. Бұл жерде «Кітапхана түні» келушілерге қатты сөйлесуге, ойнауға және күлуге ерекше мүмкіндік берді. Кітапханашылар жиналғандар арасында жарқын мерекелік көңіл-күй тудыруға тырысты, кітапхана ғимаратын безендірді, өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Келушілерге кітап пен кітап  оқудың маңызы туралы суреттер, сондай-ақ кез келген адам өз тілектерін ағашқа жазып, қалдыра алатын «Тілек ағашы» ұсынылды.

Кітапханашылар шағын театрландырылған қойылым көрсетті, оған 1 курс студенті Асанова Сусана қатысты. Көрермендер алдында «Кітаптарды сақтаушы мен тілге келген кітаптар» пайда болды: бірі - жаңа, таза және әдемі, екіншісі - пайдалы және маңызды, бірақ жиі пайдаланудан ескірген, үшіншісі - электронды кітап. Олардың әрқайсысы өздерінің даусыз еңбегін мақтан етті.

«Кітапхана түніне» келушілер «Қарақшылар үңгірі» атты қызықты құпия квестіне қатысып,  әдетте оқырмандар кіре алмайтын жерлерде түрлі сынақтардан өтті.

Сонымен қатар, осы бір мезетте ерекше қонақ - психолог, эколог және эко-тренер, әуесқой астроном, пианист және саяхатшы  Дамир Каримовпен қызықты кездесу өтті. Бұл кездесу тыңдаушыларға кереметтей өшпес әсер қалдырды.

Сондай-ақ қатысушылар «Ақылдылар мен дарындылар» және «Библио-баттл» атты көңілді, қызықты, тартысты сайыстарға қатысып, бақ сынасты. Мұнда олар өздерінің шығармашылық жәнедәрігерлік  қабілеттерін, күш-қуатын, интеллектін, шеберлігін, эрудициясын көрсетуге мүмкіндік алды; өздерінкутюрье, модель, актер, ақын рөлінде сынап көрді. Жарыстарда шығармашылық ұжымдық рух пен жарқыраған көңіл-күй болды. Барлық қатысушыларға мадақтамалар мен алғыс хаттар, сондай-ақ тәтті сыйлықтар табыс етілді.


0
1045

пікірлер

пікір қалдыру үшін.