Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулыққа жеті қадам.

Денсаулыққа жеті қадам.

15 Сәуір 2014

   Қазақстан  Республикасындағы дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулыққа жеті қадам» деген тақырыпта «Ұзақ өмір сүру өзіңнің қолыңда» деген ұранмен марафон өтті. Осы марафон негізінде өткізілген әртүрлі шаралар қазақстандықтарды өз денсаулықтарына  жауапкершілікпен қарауды үйретеді.  1-кезең отбасын құруды жоспарлау, босануға дайындық мектебінде және жас аналар мектебінде өткізілді.

2-кезең баланы емізу, иммундық алдын алу тақырыптарында перзентханаларда, перинаталдық  орталықта, емхана мен аурухананың балалар бөлімдерінде лекция түрінде өтті; мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналарымен бірге денсаулықты сақтау жөнінде треннинг-семинарлар өткізілді.

  3-кезең 7 сәуірде көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжде «Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы» атты ұранмен дүниежүзілік денсаулық күні өтті. Колледж студенттерінің арасында денсаулық сақтау туралы белсенді түрде үгіт жасау барысында әртүрлі шаралар жүргізілді. Бұл конференцияға ҚММУ медициналық колледждің 402 КЛД тобының білім алушылары Иванова Вера менВасюра Ирина белсене қатысты.«Балаларының денсаулығына Ата-ананың ішімдікке үйір болуының тигізетін әсері» тақырыбында таныстырылым көрсете отырып Вера Иванова  сөз сөйледі. Васюра Ирина  «Отбасын құруды  жоспарлау» тақырыбында таныстырылым көрсетті.Біздің білім алушылардың баяндамалары  қызығушылық танытты.

 В Иванова. 402 КЛД

ҚММУ медициналық  колледжі


0
19536

пікірлер

пікір қалдыру үшін.