Шұғыл көмек көрсету бойынша тренингі
2023 жылдың 24
наурызында «Дивера» аймақтық аллергологиялық орталығының базасында орналасқан
Қарағанды медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасында емхананың мейіргер
қызметкерлеріне анафилактикалық шок пен жедел коронарлық синдром кезінде шұғыл
көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жедел медициналық көмек көрсету бойынша орта медицина қызметкерлерінің дағдыларын дамыту болды. Тренинг барысында анафилактикалық шоктың жедел қатерлі ағымы, ST сегментінің көтерілуімен жедел коронарлық синдромды қамтитын ситуациялық тапсырмалар талданды.
Барлық қатысушылар симуляциялық сценарийдің жоғары шынайылығын атап өтті. Тұрақты кәсіптік дағдыларды қалыптастыру үшін медицина қызметкерлері жүйелі түрде тренингтер өткізу қажеттігін айтты.