Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шәкәрімнің өшпес мұрасы

Шәкәрімнің өшпес мұрасы

17 Наурыз 2023

2023 жылдың 15 наурызында «ҚМУ» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты республикалық танымдық, әдеби-сазды кеш өтті. Кеш шымылдығы студенттердің Абай мен Шәкәрім образын сомдауымен ашылды. Сол көрініс арқылы қазақтың ұлы ойшылдары мұрасы мен кеш қонақтары арасында тартымды байланыс орнады.

Кеш Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.М.Әбеуованың алғысөзімен басталды. Кештің шығармашылық бөлігін Абай әндерін көрерменге үлкен әсермен жеткізе білген Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Дәуренбек Әркенов ашты. Кештің негізгі бөлігін «ҚМУ» КеАҚ-тың шығармашылық ұжымдары – университетіміздің «Жігер» домбыра ансамблі, «Қарагөз» халықтық шығыс билері ансамблі, «Жыр-жауһар» поэзия клубы әсемдеді. Абай мен Шәкәрімнің өлендерін қазақ және орыс тілдерінде оқып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған үндістандық студенттер көрермен ықыласына бөленді. Шәкәрімнің «Еңлік – Кебек» поэмасынан алынған үзіндінің сахналауы шараның шырайын енгізді. 1 курс студенттері ғашықтардың қайғылы тағдыры туралы тарихи сюжетті шынайы жеткізе білді.

Танымдық-сазды кешке Хәкім Абай мен оның рухани үндестіктегі шәкірті Шәкәрім шығармашылығын құрмет тұтатын «ҚМУ» КеАҚ шығармашылық ұжымдары, Қарағанды облысының жетекші жоғары оқу орындарының және Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, Қарағанды облыстық әкімдігі, Аманат партиясының Қарағанды облыстың филиалы төрағасы қатысты. Кеш қонақтары Абай мен Шәкәрім мұраларын жаңа қырынан зерттеп жүрген абайтанушы, шәкәрімтанушы, журналистика саласына еңбегі сіңген ғалым-қайраткер А.Қ.Омаровты ден қоя тыңдады. Шәкәрім атындағы гимназия, ЮНЕСКО музыкалық мектебінің жетекшілері мен жасөспірімдері де ұлы ақынға арнап, өз өнерлерін паш етті. Қарағанды аймағы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары В.Б.Молотов-Лучанский құттықтау сөзін арнады. Шара барысында қаламыздың М.Әуезов және Н.В.Гоголь атындағы кітапханалары Шәкәрім шығармашылығынан сыр шертетін көрме жұмысын көпшілік назарына ұсынды.

Іс-шара көріністері SARYARQA телеарнасының эфирінде көрсетіліп, облыстық «Орталық Қазақстан» және «Қарағанды хабары» газетінде жарияланды.


0
920

пікірлер

пікір қалдыру үшін.