Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«PharmOlymp 2023» фармация бойынша халықаралық олимпиададан жүлделі орындар

«PharmOlymp 2023» фармация бойынша халықаралық олимпиададан жүлделі орындар

13 Наурыз 2023

«ҚМУ» КеАҚ Фармация мектебінің студенттері В.И. Разумовский атындағы СММУ (Ресей, Саратов қ.) фармацевтикалық факультетінің 20 жылдығына арналған 2023 жылдың 10-21 ақпаны аралығында өткізілген «PharmOlymp 2023» Фармация бойынша халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді.

Олимпиада өте ауқымды ұйымдастырылған және 4 кезеңде өткізілді:

1. 2023 ж. 10-17 ақпан аралығында «Командалардың бейне көрсетілімі»;

2. 2023 ж. 20 ақпанда «Онлайн-тестілеу» (командалық қатысу);

3. 2023 ж. 20 ақпанда «Фармакологиялық блиц-турнир» (командалық қатысу);

4. 2023 ж. 21 ақпанда аналитикалық химия, микробиология, органикалық химия, фармацияны басқару және экономикасы, фармакогнозия, фармацевтикалық ботаника, фармацевтикалық технология, фармацевтикалық химия пәндері бойынша «Ситуациялық есептерді шешу» (жеке қатысу).

Осы халықаралық байқауға 31 команда қатысты, олардың әрқайсысына 4 елден (Ресей, Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан) медициналық жоғары оқу орындарының фармацевтикалық мамандықтарының 8 студенті қатысты.

Біздің еліміз бен университетімізді «ҚМУ» КеАҚ Фармация мектебі студенттерінің 3 командасы сәтті таныстырды:

- «Фармакогносты» командасы: Алимбек А.К., Базарбай Ш.А., Шемякина К.П., Султанова М.С., Хасенов Г.Т., Жанат О., Сартбасова А.Б., Болатбек А.Ж. Команда кураторы: фарм.ғ.к., Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры Мурзалиева Г.Т.;

- «Pharm-visor» командасы: Боронов А.С., Никитина В.А., Куанышева А.Б., Алимбатыров М.Р., Хаммель Т.В., Калинина П.А., Кабдылжамитова К.Н., Лисютина В.В. Команда кураторы: фармация магистрі, Фармация мектебінің профессор-ассистенті Оразбаева П.З.;

- «GreenPharm» командасы: Арымбеков А.К., Болпанова Ж.Т., Елубаева М.К., Есімова Т.А., Кулбаева М.М., Қойкенова Ж.С., Раушан А.Е., Таупықова Д.Д. Команда кураторы: фармация магистрі, Фармация мектебінің оқытушысы Тулебаев Е.А.

І дәрежелі дипломмен «Фармацевтикалық ботаника» пәні бойынша ситуациялық тапсырмаларды жеке шешкені үшін «Фармакогносты» командасынан Жанат Оралган  (ФӨТ 3 курс) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен фармакологиялық блиц-турнир бойынша "GreenPharm" командасы марапатталды, одан өтуі студенттердің сұрақтарға дұрыс жауап беру жылдамдығына байланысты болды.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды. СММУ басшылығы мен олимпиада ұйымдастырушылары «ҚМУ» КеАҚ ректоры, м.ғ.д., профессор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетоваға және барлық үш команданың кураторларына студенттік командаларды тамаша дайындағаны, олимпиадаға студенттердің қызметін дамытуға жәрдемдескені үшін үлкен алғыстарын білдіріп, әрі қарай халықаралық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді!


0
916

пікірлер

пікір қалдыру үшін.