Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

02 Наурыз 2023

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді медициналық білім беру бойынша 2023 жылдың 20-21 сәуіріндеөтетін «Болашақтың білімі: өзгерістер лебі» аттыVI Орта Азиялық халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты– халықаралық ынтымақтастықты, стратегиялық әріптестікті дамыту және медициналық білім беруде өзара тәжірибе алмасу.

Конференция бағдарламасында келесі бағыттар талқыланады:

·  Стратегиялық әріптестік – білім беруді дамытуға арналған компас (жаңа кәсіптер атласы, жаһандық бәсекелестік, білім беру бренді, халықаралық аккредитация жүйесін білім беру сапасын қамтамасыз ету және халықаралық еңбек ұтқырлығын нығайту құралы ретінде дамыту);

·  Білім берудің цифрлық трансформациясы және цифрлық медицина (виртуалды университеттер, IT-медицина, білім берудегі және басқа салалардағы цифрлық трансформация тәжірибесі, HealthNet, NeuroNet);

·  Білім беруді интернационалдандыру (студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің теңгерімді ұтқырлығы, білім сапасын студенттер мен оқытушылардың халықаралық білім алмасу процесіне қатысуы есебінен арттыру, ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестік, бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларын ұйымдастыру);

·  Университет автономиясы және академиялық еркіндік (жоғары оқу орындарының автономиясы мен тәуелсіздігін күшейту, проблемалар мен оларды шешу жолдары, технопарктер, стартаптар, венчурлік қорлар, эндаументтік қорлар);

·  Медицинадағы, фармациядағы және стоматологиядағы білім беру перспективалары (білім берудегі инновациялар, медициналық, стоматологиялық және фармацевтикалық салалардың қажеттіліктеріне сәйкес түлектерді даярлау,

«элиталық» медициналық білім беру бағдарламасы, трансляциялық медицина, икемді дағдыларды дамыту)

·  Интеграция: клиника, ғылым, білім (тиімділіктің ғылыми негіздемесімен клиникалық практикадағы жоғары технологиялар, экономика саласын инновациялармен қамтамасыз ету үшін ғылыми ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыру, ғылыми идеяларды коммерцияландыру, диагностикалық, емдеу-профилактикалық, ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін ақпараттық және консультациялық кеңістіктің жаңа ішкі

байланыстарын қалыптастыру);

·  Шекарасыз зерттеулер (RBL, жоғары оқу орнының ғылыми мектебі, биомедициналық зерттеулер, жасанды интеллект, 3D принтинг, модельдеу, ғылыми-білім беру кластерлерін дамыту, зерттеушілердің пәнаралық топтарын құру);

·  Білім берудегі симуляция (оқытудың белсенді әдістері, медициналық білім берудегі интеграция, симуляциялық оқыту, оқыту мен бағалаудағы стандартталған тәсілдер).

Конференция аясында дөңгелек үстел, сателитті отырыстар, пре-конференс шеберлік сыныптары, жас ғалымдардың постерлік сессиясы, клиникалық сценарийлер байқауы, 4-5 курс студенттерінің олимпиадасы өтеді.

Конференцияға ұсынылатын мақалалар, баяндамалар, постерлік презентациялар білім беру саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің тәжірибесін, жетістіктері мен нәтижелерін қамтуы және білім беруде теориялық және/немесе практикалық маңызы болуы тиіс.

Конференция аясында кітаптардың, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдардың, симуляциялық тренажерлер мен манекендер көрмесі өтеді.

 Конференция жұмысына қатысу үшін білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер шақырылады.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Өткізу форматы: офлайн және онлайн

Өтетін орны: 100008, ҚР, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ

Конференцияға қатысушылардың электрондық сертификаттары әр қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Ауызша баяндамаға қойылатын талаптар:

Баяндама презентация көрсетілімімен бірге жүруі керек (PowerPoint 2003-2016).

Пленарлық отырыста сөз сөйлеу ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс.

Секциялық отырыстардың ауызша хабарлама (баяндама) ұзақтығы 10 минуттан аспауға тиіс. Ноутбуктың әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларды екі кеңейтімде сақтау ұсынылады: *ppt және *PPTX.

Баяндама презентациясы жалпы қабылданған ережелер бойынша, оның ішінде бірінші слайдта ЖОО/ұйымның атауы, жұмыс атауы, баяндамашының толық аты-жөні, қаласы, елі, және соңғы слайдта баяндамашының байланыс деректері (e-mail, телефон) ұсынылуы тиіс.

Баяндамалардың ұзақтығы конференция бағдарламасымен қатаң сақталуы керек.

Ұйымдастыру комитеті баяндамашылардан отырыстар регламентін сақтау және бағдарламаны тиімді орындау үшін өз баяндамаларын алдын ала түзетуді және хронометраждауды өтінеді.

Конференцияға баяндамамен қатысу үшін өтінімді 2023 жылғы 10 сүрге дейін төмендегі сілтеме бойынша жіберу қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfOG-tftegg_OI2RdpIXTKec7s8b5PyokO8RY6fzXs-bhU3nQ/viewform?usp=sf_link

Ауызша баяндамаларды қабылдау 2023 жылғы 10 сәуірге  дейін жүргізіледі.

Баяндамаларды мына мекен-жайға жолдау қажет: ConF@qmu.kz

2.е-Poster талаптары:

Беттер саны: максимум 1 (қатысушылар масштабты  үлкейтіп, кішірейте алады)

Файл түрі: PDF, кітап бағдары.

Файл өлшемі: максимум 500 МБ, 120 см х 80 см (А0 форматы)

Ұсынылатын қаріптер: Times New Roman, Calibri немесе Arial. Басқа қаріптерде әртүрлі операциялық жүйелерде көрсетілім кезінде проблемалар болуы мүмкін. Арнайы қаріптерді пайдаланбаңыз, себебі олар оқуды қиындатады.

Ұсынылған қаріп өлшемі: 32pt немесе одан үлкен.

Файл атауы: баяндамашының аты және презентация нөмірі. Үйлесімділікте мәселе туындамау үшін арнайы таңбаларды қолданбаңыз (мысалы, “, Ö, Ø, ñ, ε}.

Файлыңыз үшін құпия сөздерді немесе шифрлауды пайдаланбаңыз.

Қаласаңыз, QR кодын электронды постердегі үлестірме материалға қосуға болады.

Конференция тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Денсаулық туралы деректер мен ақпаратты (фотосуреттерді қоса алғанда) ұсынған кезде барлық баяндамашылардың адам субъектілеріне және қолданылатын нормаларға сәйкес ақпараттандырылған келісімі болуы тиіс.

Конференцияға E-Poster-мен қатысу үшін өтінімді 2023 жылдың 31 наурызына дейін төмендегі сілтеме бойынша жіберу қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSctfQBfNdlUgUBdXmVHSna_b1jGyQBUOhi7uYk61y7wiWupxQ/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0

Постеріңізді 2023 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей мына жерге жүктеп салыңыз:poster@qmu.kz

3.  Мақалаларға (қолжазбаларға)қойылатын талаптар

Конференцияның барлық мақалалары «Медицина және экология» журналында жарияланады.  «Медицина және экология» журналына ұсынылған қолжазбалар түпнұсқа, яғни бұрын жарияланбаған болуы керек.

Ұсынылған қолжазбаларға қатысты ақпаратпен  толығырақ ЖОО сайтында келесі сілтемелерде бойынша өтіп, таныса аласыздар:

https://qmu.edu.kz/kz/contents/view/1285 (қазақ тілінде)

https://qmu.edu.kz/ru/contents/view/1285 (орыс тілінде)

https://qmu.edu.kz/en/contents/view/1285 (ағылшын тілінде)

Мақалаларды қабылдау 2023 жылдың 10 сәуірге дейін жүргізіледі.

Қолжазбаларды мына мекен-жайға жіберіңіз: article@qmu.kz

4. «Sim Lab» симуляциялық технологияларын пайдалана отырып клиникалық сценарийлер конкурсы

«Sim Lab» байқауының мақсаты симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, қатысушылар мен сарапшылар арасында клиникалық сценарийлерді әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу үшін коммуникациялық алаң құру, олардың одан әрі дамуына және үздік тәжірибелерді таратуға жәрдемдесу болып табылады.

Конкурсқа симуляциялық оқытуға қатысы бар оқытушылардың барлығы өз қалауы бойынша қатыса алады. "Sim Lab" байқауына қатысу үшін симуляциялық оқытуда қолдануға жарамды клиникалық сценарий презентациясының, сондай-ақ симуляциялық тренинг кезінде конкурстық кейсті қолданатын видеоларды (20 минуттан аспауы тиіс) 2023 жылғы 31 наурызға дейін SimLab@qmu.kz электрондық мекенжайына  жіберу қажет.

Байқау бірнеше кезеңде өтеді:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 сәуірге дейін мына сілтеме бойынша жүргізіледі:  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdSHiFJEorE43O6hxxp5wvDeoPPHrWS_Gos5cjxcHQcGiwjpA/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0;

сараптамалық бағалау - 2023 жылғы 03-07 сәуір аралығында;

жеңімпаздарды марапаттау-21 сәуір конференцияның жабылуында.

«Sim Lab» байқауына сырттай қатысу өтеусіз негізде өткізіледі.

Қатысу шарттары, бағалау критерийлері туралы толығырақ конкурс туралы ережеден білуге болады.

5. Студенттерге арналған олимпиада

Байқау бірнеше кезеңде өтеді:

1 кезең - жеке, IFOM тестілеуі (қашықтықтан, онлайн) 2023 жылғы 15 наурызға дейін өткізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2023 жылдың 10 наурызына дейін төмендегі сілтеме бойынша жіберу қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSesGMJYh9X6E_cOee5DAWKn7nux1O9a8KFF1tCQGTmBM-Jt8g/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0&usp=mail_form_link

2 кезең - топтық, шұғыл көмек көрсетудің практикалық дағдылары (офлайн, ҚМУ КЕАҚ симуляциялық орталығында) 2023 жылғы 21 сәуірде өткізіледі. Олимпиаданың 2 (екінші) кезеңіне өтінімдерд қабылдау 2023 жылдың 10 сәуірге дейін электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі:ConFstud@qmu.kz

Қатысушылар: «Жалпы медицина» мамандығының 4-5 курс студенттері.

Олимпиадаға қатысу ақысыз.

Жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 21 сәуірінде басты конференцияның жабылуында жүзеге асырылады.

Қатысу шарттары, бағалау критерийлері туралы толығырақ конкурс туралы ережеден білуге болады.

6. Конференция алдындағы шеберлік сабақтары

2023 жылғы 20-21 сәуірде «Болашақтың білімі: Өзгерістер лебі» медициналық білім беру бойынша VI Орталық Азия халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында сертификаттар берумен келесі пре-конференс  шеберлік сабақтары (мастер класс)  19 сәуірде өтеді:

1. «Студентке бағытталған оқытудың интеграцияланған моделі: білім беру үдерісінің трансформациясы» оқытудың кешенді құзыреттілік тәсіліне негізделген білім беру экожүйесін енгізу,  басқару және дамыту бойынша НАО МУК тәжірибесін практикалық көрсетумен оқытады.

2. «Виртуалды пациент: сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру тәсілі» И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург атындағы сертификаттау және аккредиттеу орталығының меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог, м.ғ.к., доцент Зарипова Зульфия Абдулловнаның қатысуымен.

3. «Ересектердегі қиын жағдайларда қарқынды терапия» туралы жаттығу анестезиолог-реаниматолог, «Виртумед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ресейлік медицинадағы симуляциялық білім беру қоғамының (РОСОМЕД) басқарма мүшесі, симуляция бойынша маман Анатолий Евгеньевич Веревкиннің қатысуымен.

4. «Dimedus: виртуалды клиника – медициналық білімнің шындығы» И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің оқу бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы, доцент Лопатин Захар Вадимовичтің қатысуымен

5. «Төңкерілген сынып пен пациентке бағытталған оқыту тәсілін біріктіру: FOR21 тәжірибесі» ERASMUS жобасының үйлестірушілерінің қатысуымен

6. «Дебрифинг: клиникалық сценарийды талдау» м.ғ.к., асс. профессор, ҚМУ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының басшысы  Кемелова Гүлшат Сейтмұратқызының қатысуымен.

Мастер-классқа қатысуға медициналық білім беру ұйымдарының басшылары, оқытушылар мен қызметкерлер, резиденттер, анестезиолог-реаниматологтар, кардиологтар шақырылады.

Сілтеме арқылы онлайн тіркелу:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeGfWRWImx7FoeyqrmnBkQXb20AtFymcRYG_TB_qwpeU7b3ow/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0

Мастер кластар орыс тіліде өткізіледі.

Мастер-классқа қатысу құны 5000 теңге.

7.  Студенттерге арналған Фармация бойынша ғылыми-практикалық конференция

  Студент жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату мақсатында Фармация мектебінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылған  халықаралық қатысушылардың қатысуымен бірлесе «Фармация-алға жылжу!» атты студенттік  ғылыми-практикалық конференциясы  өткізіледі. 

Конференцияға фармацевтика мамандығының студенттері , магистранттары және  докторанттары (жас ғалымдар) шақырылады.

Өту уақыты:13-14 сәуір 2023 жыл.

Конферециядағы жұмыс жасау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Өткізу форматы:бетпе-бет және қашықтықтан (Webex)

Өтетін орны: 100008, ҚР, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ.

Тезистерді/мақалаларды жариялау тегін

Конференция қатысушыларына электрондық сертификаттар әр қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.

Конференцияға баяндамамен қатысу үшін өтінімді 2023 жылғы 10 сәуірге дейін төмендегі сілтеме бойынша жіберу қажет:

Қатысуды ресімдеу шарттары мен тәртібі: конференцияға қатысу үшін материалдарды дайындап, 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде электрондық пошта арқылы ұйымдастыру комитетінің мекенжайына жіберу қажет: pharmacia_qmu@mail.ru

Қатысу шарттары, бағалау критерийлері туралы толығырақ университеттің веб-сайтынан білуге болады https://qmu.edu.kz/ru/contents/view/1366

Оқытушыларға арналған қатысу пакеті:

Пре-конференс шеберлік сыныбына қатысу, басты конференция, мақаланы жариялау

25 000

Пре-конференс шеберлік сыныбына қатысу (қатысушылар саны шектеулі)

5 000

Басты конференция жұмысына қатысу

20 000

«Медицина және экология» журналында мақалалар жариялау

5 000

Білім алушыларға қатысу пакеті:

Пре-конференс шеберлік сыныбына қатысу, басты конференция, мақаланы жариялау

10 000

Пре-конференс шеберлік сыныбына қатысу

5 000

Басты конференция жұмысына қатысу

5 000

«Медицина және экология» журналында мақалалар жариялау

5 000

Ұйымдастыру жарнасын төлеу:

АУДАРУ ӘДІСІ:

1.  Қазақстан Халық банкі АҚ (касса немесе Halyk онлайн арқылы):

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ

Заңды мекен-жайы: 100008 Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40.

ЖСК: KZ066010191000140291  KZT (теңгемен)

ЖСК: KZ786010191000391971  USD (валюталық шот)

БСН: 190140033600

КБЕ: 16

БИК: HSBKKZKX

Төлем мақсаты: конференцияға қатысқаны үшін ұйымдастыру жарнасы (VI ЦАК)

2. Каспий банкі (Kaspi.kz онлайн)

Ұйымдастыру жарнасын Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн төлеу жөніндегі нұсқаулық:

https://drive.google.com/file/d/1WPgQnRPfXA2AYFrCevAWemSA5G2tOE_4/view?usp=sharing

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Тел. +7 (7212)503930 ішкі.1315

тел. 8-7015908826

 kemelova@qmu.kz

Кемелова Гульшат Сейтмуратова


0
1027

пікірлер

пікір қалдыру үшін.