Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы қабырғасында Патология кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы

А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы қабырғасында Патология кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы

27 Ақпан 2023

2023 жылғы 17 ақпанында Қарағанды қаласының А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында патология кафедрасының оқытушылары Жиенбаева Қымбат Мұратқызы, Аринова Сапаркул Махамбеталиқызы, Сүлейменова Бақыт Маратқызы, Бакарамова Гүлнұр Амангелдықызы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 Жұмыс барысында қамтылған оқушылардың жалпы саны 38 адамды құрады. Әңгіме барысында университет құрылымы, мектептер мен білім беру бағдарламалары туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Оқытушылар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, университеттің өмірі туралы айтып берді. Техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтау, медициналық білімнің маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізілді, стратегиялық серіктес университеттер, университет жобалары, студенттердің осы жобаларға қатысу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлықтың болуы, яғни басқа отандық және шетелдік университеттерде семестр немесе жыл бойы оқу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен қатар, оқушыларға университетте жыл сайын өткізілетін «Ашық есік күні» іс-шарасы туралы ақпарат жеткізілді.

Университет пен кафедра ұжымы атынан гимназия директоры Жақаева Самал Сансызбайқызына, педагог-профориентатор Абжаппаров Жанболат Мұсылманбекұлына осы іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз.


0
957

пікірлер

пікір қалдыру үшін.