Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Неміс тілі пәнінен олимпиада

Неміс тілі пәнінен олимпиада

11 Сәуір 2014

05.04.2014г  сағат 10.00 –де 10- дәрісханада шет тілдер кафедрасы неміс тілінен олимпиаданың бірінші турын өткізді, қатысамыз деген ниет танытқан барлық 1 және 2 курс студенттері қатысты. Бірінші тур тест түрінде өтті және нәтижесі бойынша 15 студент екінші турға өтті. Екінші турдың (аудирование түрінде өткізілді)  нәтижесі бойынша 10 студент  келесі турға қабылданды.

07.04.2014ж. сағат 18.00-де  109- дәрісханада олимпиаданың үшінші туры өтті. Әділ- қазылар құрамында «Болашақ» Университетінен келген қонақ- магистр, аға оқытушы Сеитова Лейла Алгамитовна, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Медиева Сауле Карсенбаевна болды.

Соңғы тур студенттердің елтану бойынша білімдерін, әлем мәдениеті, тарихы және саясаты жөніндегі жалпы дүниетанымдарын тексеруге бағытталған сұрақ- жауап сайысын , сонымен қатар психотерапия мен вегетариандықтың жағымды және жағымсыз жақтары жайлы пікір- таласты қамтыды. Олимпиада нәтижелері бойынша, бірінші орынды 1-080 ЖМ тобының студенті Етекбаева Айнұр иеленді, екінші орын - Сериков Бахтияр 2-080 ЖМ, ал үшінші орынға,әділ- қазылар шешімі бойынша  Семенюк Юлия 2-006 стом. тобының студенті мен  Қуаныш Жулдыз 2-003 ҚДС тобының студенті бөлді. Олимпиаданың басқа қатысушыларына қолдау мадақтамалары мен сыйлықтар табыс етілді.

Олимпиада студенттерді марапаттау мен аталған олимпиаданы ұйымдастырушы оқытушы, магистр Шубакова Мадина Нурмухамбетовнаға алғыс білдірумен өз мәресіне жетті.

Шет тілдер кафедрасы


0
18182

пікірлер

пікір қалдыру үшін.