Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Әдеби кеш

23 Қараша 2022

22 қарашада университет қабырғасында қазақтың көрнекті гуманист жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, профессор, ҚР Ғылым академиясының академигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.

Кітапхана қызметкерлері мейірбике ісі мектебінің студенттеріне жазушының өмірбаянынан қызықты деректер, моральдық-этикалық ұстанымдары туралы айтып берді, оның шығармаларына тоқталды. Олардың ішінде қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар «Көксерек», «Еңлік-Кебек» және «Абай жолы» роман-эпопеясы бар.

«Ойлану үшін оқу керек». Мұхтар Әуезов осылай деп жазды.

Оқушыларға жазушының даналық сөздері мен кітапхана қорында сақталған кітаптары таныстырылды.


0
1148

пікірлер

пікір қалдыру үшін.