Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері туралы

Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері туралы

23 Қараша 2022

«Биомедицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, «ҚМУ» КЕАҚ ӨБСК студенттік ғылыми қоғамының белсенді қатысушысы Нұрмағамбет Темірлан 2022 жылғы 10-12 қараша аралығында «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. КРТ: бүгінгі күн және болашақ» атты ҚРМҚ XIV Халықаралық конгресіне қатысты.

Халықаралық конгрестің ашылу салтанатын ҚР ҰҒА академигі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас репродуктологы, ҚРМҚ президенті, «PERSONA» МКЦ бас директоры,  белгілі ғалым, профессор, м.ғ.д.  Локшин Вячеслав Нотанович өткізді. 

Үш күнге жалғасқан пленарлық отырыстар барысында, жан-жақты пікірталастар, КРТ (Көмекші репродуктивті технология) өзекті мәселелері бойынша шеберлік сыныптары  ұйымдастырылды.

 Сонымен бірге 170 баяндама ұсынылып, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Грузия, Германия, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Камбоджа, АҚШ, Франция және басқа да шет елдерден 2600-ден астам тыңдаушы тіркелді.

 Сондай-ақ өткен конгресте түрік эмбриологы Димитрий Доганның ұсынған мастер-классы ерекше орын алды. Мастер-класстың мақсаты эмбриондарды мұздатуға/жібітуге арналған жаңа өнімдерді таныстыру.


0
1045

пікірлер

пікір қалдыру үшін.