Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық аясында

Академиялық ұтқырлық аясында

21 Қараша 2022

2022 жылғы 14 қарашадан 16 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушылары Б.Т. Рахметова., С. А. Жижила және Б.А. Мұстафина «ҚМУ» КеАҚ «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «2 ғылыми жоба» модулінің «Эпидемиология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша тәлім алушылардың 5 курс студенттеріне «Эпидемиология» пәнін «Қоғамдық денсаулық» мектебінің оқытушылары оқытады. 

Көлемі мен мазмұны бойынша практикалық сабақтардың материалдары силлабус пен «Эпидемиология» пәнінің бағдарламасына сәйкес келеді.

Сабақтарда студенттер жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, оларды оқшаулауға және жоюға, медицина қызметкерлерінің кәсіптік инфекциясының алдын алуға, инфекциялық бақылау бағдарламасын әзірледі, эпидемиологиядағы зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін зерттейді, жұқпалы аурулар ошақтарына эпидемиологиялық зерттеулер жүргізеді, ошақтардағы эпидемияға қарсы іс-шараларды оқып білді, аурушаңдыққа ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізілді.

Сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық оқыту элементтерін пайдалана отырып, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді, кері байланыс студенттердің оң пікірін білдірді.


0
1054

пікірлер

пікір қалдыру үшін.