Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық мамандықтарды оқытуда симуляциялық білім беру технологияларын қолдану конференциясы

Медициналық мамандықтарды оқытуда симуляциялық білім беру технологияларын қолдану конференциясы

21 Қараша 2022

2022 жылдың 11 қарашасында Ресей Федерация Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде алғаш рет БММУ 90 жылдығына және Уфа Федералдық аккредиттеу орталығының 10 жылдығына арналған «Медициналық мамандықтарды оқытуда симуляциялық білім беру технологияларын қолдану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Іс-шараның ресми ұйымдастырушылары Ресейдің медицинадағы симуляциялық білім беру қоғамы (РОСОМЕД, Мәскеу қ.), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа қ.) және Федералдық аккредиттеу орталығы (Уфа қ.) болды.

Конференцияда денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында симуляциялық білім беру технологияларын қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.

Медициналық білім беруде симуляциялық технологияларды қолданудың ең өзекті мәселелері бойынша 40-қа жуық баяндама талқыланды.

Осы конференцияның негізгі спикерлері Еуропалық медицинадағы симуляция институтының директоры, РОСОМЕД сарапшылық кеңесінің төрағасы, «Медицинадағы виртуалды технологиялар» журналының бас редакторы орынбасары (Мәскеу қ.) Горшков Максим Дмитриевич және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гүлшат Сейітмұратқызы (Қазақстан) болды.

Конференцияға БММУ, Мәскеу медициналық университеті сияқты медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, аспиранттар мен жас ғалымдар белсенді қатысты. Сеченов атындағы Мәскеу медицина университеті (Мәскеу қ.), Қазан мемлекеттік медицина университеті, Приволжский ғылыми-зерттеу медицина университеті (Н. Новгород), Пермь медицина университеті, Ташкент стоматологиялық институты (Өзбекстан), Орал медициналық институты (Екатеринбург қ.), Қырым федералды университеті (Симферополь қ.) қатысты.

Гүлшат Сейітмұратқызы өз баяндамасында Қарағанды медицина университетінің білім берудің әртүрлі деңгейлерінде симуляциялық оқыту бағдарламаларын енгізудегі озық тәжірибесімен, орталықтың жетістіктерімен және одан әрі даму перспективаларымен бөлісті.

Бүгінгі таңда Қарағанды медицина университетінің симуляциялық орталығы 2017 жылы «Симуляциялық оқытудың үздігі» ASPIRE AMEE халықаралық сыйлығымен марапатталған. Алынған марапат университеттегі медициналық білім сапасын қамтамасыз етудің көрсеткіші болып табылады және сонымен бірге бұл оңай жұмыс емес, өйткені білім сапасының бұл деңгейіне жеткізу жолықиын, ал білім сапасын сақтау және жақсарту одан да қиын.

Осыған қарамастан, Қарағанды медицина университетінің ұжымы медицина мамандарын даярлау сапасын лайықты деңгейде ұстауға ұмтылады, денсаулық сақтау жүйесіне лайықты кадрларды даярлау үшін оқыту мен оқу тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда және пікірлестер арасында тәжірибе алмасуда және бөлісуде.

Аимбетова Д.Б.

СББТО Бас маманы 


0
1042

пікірлер

пікір қалдыру үшін.