Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шала туылған нәрестелердің халықаралық күні

Шала туылған нәрестелердің халықаралық күні

21 Қараша 2022

17 қараша бүкіл әлем бойынша халықаралық шала туылған балалар күнін атап өтеді. Оны 2008 жылы жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету жөніндегі Еуропалық қор (European Foundation for the Careof Newborn Infants, EFCNI) мерзімінен бұрын босану туралы, дәрігерлер мен шала туылған нәрестелердің отбасыларының алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туралы хабардар ету үшін енгізді.

 Өйткені, нәрестенің мерзімінен бұрын туылуы – бұл ата-аналар үшін үлкен сынақ, сапалы емдеу ғана емес, сонымен қатар психологиялық көмекті де қажет етеді. Біздің республикамызда бұл мерекені 2013 жылдан бері атап өтуде, қазіргі уақытта Дүниежүзілік шала туылған балалар күні әлемнің жүзден астам елінде аталып өтуде.

2008 жылдан бастап қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес тірі туылған, гестация мерзімі 22 апта және одан жоғары мерзімде (туған кездегі дене салмағы 500 грамм және одан да көп) туылған барлық жаңа туған балалар Қазақстан Ресубликасының азаматтары болып саналады және оларға кепілдікдендірілген медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі.

Қазір ҚР-да салмағы 1000 граммға дейінгі шала туылған нәрестелердің күтіміне барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы зерттеулер бойынша ананың бала күтіміне қатысуы, нәрестенің емделуіне оң әсерін көрсетті. Күтімді үйренгеннен кейін, аналар медициналық қызметкерлердің бақылауымен балаларын өздігінен тамақтандырады,  орнын алмастырады, өңдейді, жаялықтарын ауыстырады. Осының арқасында ана мен бала арасында тез байланыс пайда болады, бұл емнің нәтижесіне жақсы әсер етеді. Ауруханада барлық дағдыларды игергеннен кейін, анасы баланы өздігінен күте алады, себебі - шала туылған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. Дәрігерлер мен ата-ананың мақсаты бір болғандықтан, бірлесіп жұмыс істейді.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ педиатрия және неонатология кафедрасының 1 және 2 жыл резиденттері, клиникалық тәлімгерлерімен бірлесіп, Қарағанды облысы (№1, 2 перинаталдық орталық ОКА, ОАГО, Балқаш қ., Теміртау қ), Ұлытау облысының перинаталдық орталықтарында (Жезқазған қ. ) шала туылған нәрестелер күнін ұйымдастыруға және атап өтуіне белсенді қатысты. Перинатальды орталықтарға ата-аналарымен бірге кішкентай пациенттер шақырылды. Олар өздерінің жетістіктерімен, игерген дағдыларымен бөлісіп, жаңа шала туылған нәрестелері бар ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында шақырылды.

Сәбилер мен ата-аналарды, неонатолог дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін Халықаралық шала туылған балалар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!


0
1087

пікірлер

пікір қалдыру үшін.