Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IX республикалық ғылыми-практикалық конференция

IX республикалық ғылыми-практикалық конференция

15 Қараша 2022

Ұлттық балаларды оңалту орталығының базасында ҚР ДСМ-мен бірлесіп ұйымдастырылған күндізгі форматта «Оңалту мен курортологияның басым бағыттары» атты IX республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

  Конференцияда физикалық медицина және оңалту қызметін жетілдіруді көрсететін шетелдік және отандық спикерлердің баяндамалары ұсынылды, жақын және алыс шетелдердің (Грузия, Ресей, Италия, Моңғолия, Корея, Нидерланды, Үндістан) баяндамалары ұсынылды.  

  «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ атынан мейіргерлік білім беру мектебінің профессоры, м.ғ.д. Т.Т.Киспаева қатысты. Ол медициналық оңалту саласындағы мейірбикелік қызметті ұйымдастыруға арналған  «Церебральды инсультпен ауыратын науқастарды оңалту жағдайында мейірбикелік қызметті жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасын ұсынған болатын, онда мейірбике персоналының медициналық оңалтудағы рөлі мен қатысуы (диагностика және оңалту құзыреттері), сондай-ақ медициналық оңалту саласындағы мейірбике персоналын даярлау мүмкіндіктері, білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жай-күйі және қазіргі жағдайдағы мейіргерлік оңалтудың техникалық ресурстары мәселелері талқыланды.

  Конференция аясында мейіргерлік білім беру мектебінің қызметкерлері: 2-ші оқу жылының магистранты Амирбекова М., медицина магистрі Айтмагаметов А. Р., магистр Меерманова И.Б., магистр Шозда К.Э., магистр Садуева Ф.Х. «Церебральды инсульттан кейін науқастарды оңалтудағы мейірбикенің рөлі» тақырыбында постерлік баяндама ұсынды (ғылыми жетекшісі проф. Киспаева Т. Т.). 


0
915

пікірлер

пікір қалдыру үшін.