Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық кадрларды даярлауға, университеттің дамуына зор үлес қосқан әріптестер атап өтілді

Медициналық кадрларды даярлауға, университеттің дамуына зор үлес қосқан әріптестер атап өтілді

03 Қараша 2022

Қарағанды қаласының медицина университетінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі атқарушы С.А. Никифорова әріптестерін құттықтап, ағымдағы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы еліміздің лайықсыз ұмытылған Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару идеясын атап өткенін еске салды, өйткені 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолының есебі басталды.

Бұған дейін бұл күн мемлекеттік мереке болып есептелінді, 2001-2009 жылдар аралығында мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болса, кейінірек бұл мәртебе жойылды. Ал бүгін тарихи әділеттілік орын алды деп санаймыз.

Басқарма Төрағасы-Ректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова университет ұжымына құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда елімізде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болып жатқанын, университетте де өзгерістермен қатар өзгерістердің жүріп жатқанын айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл 400 орындық жаңа жатақхананың құрылысы аяқталуда. Қарағанды қаласына сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев университет емханасын салуға бұйрық берді. Біздің еңбегімізді және университетіміздің студенттері мен түлектерінің сіңірген еңбегін бағалаған жылы лебіздерін естіген қандай жақсы, – деп ректор ерекше атап өтті.

Одан әрі басшылық медициналық кадрларды даярлауға және университеттің дамуына зор үлес қосқан «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлерін марапаттады.

«Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталғандар:

1.Абдуллабекова Раиса Мұсылманбекқызы, Фармация мектебінің профессоры;

2. Кулов Дүйсентай Баркенұлы, Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің профессоры;

3. Беляев Андрей Михайлович, биомедицина кафедрасының доценті;

4. Бахарева Раиса Григорьевна, еңбек гигиенасы емханасының рентгенологы;

5. Тұрсынов Нұртас Исатайұлы, неврология, психиатрия және реабилитация кафедрасының профессоры.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен:

 6. Атажанова Гаянэ Абдулкахимовна, Фармация мектебінің профессор-зерттеуші;

7. Ахметова Сәуле Балтабайқызы, биомедицина кафедрасының профессоры;

8. Евневич Анна Михайловна, морфология және физиология кафедрасының доценті;

9. Асанова Айгүл Мәжитқызы, кәсіптік денсаулық клиникасының бас дәрігерінің м.а.;

10. Григолашвили Марина Арчиловна, неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының меңгерушісі;

11. Дюсембаева Найля Камашқызы, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:

12. Понамарева Ольга Анатольевна, биомедицина кафедрасының меңгерушісі;

13. Есімова Роза Жанатқызы, морфология және физиология кафедрасының доценті;

14. Жақыпбекова Венера Амантайқызы, отбасылық медицина кафедрасының доценті;

15. Сотченко Раиса Калиновна, фармация мектебінің доценті;

16. Әбікенова Фатима Самитқызы, патология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

17. Жаңабаева Сымбат Өмірзаққызы, акушерия, гинекология және перинатология кафедрасының ассистенті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен:

18. Ефимова Аксана Дмитриевна, Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің доценті;

19. Серікова Майя Сағындыққызы, отбасылық медицина кафедрасының ассистенті;

20. Бибекова Жазира Бектұрсынқызы, неврология, психиатрия және реабилитация кафедрасының ассистенті;

21. Мұғазов Мирас Мұғазұлы, жедел жәрдем, анестезиология және реанимация кафедрасының доценті;

22. Вистерничан Ольга Александровна, ішкі аурулар кафедрасының доценті;

23. Любовь Ивановна Пивен, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті;

24. Әбеуов Нұрлан Болатбекұлы, стоматологиялық клиниканың  стоматолог дәрігері.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

25. Қадырова Сәуле Жансұлтанқызы, Фармация мектебінің лаборанты;

26. Глухова Илона Сергеевна, Медицина университеті емханасының медбикесі;

27. Ступина Татьяна Александровна, неврология, психиатрия және реабилитация кафедрасының ассистенті;

28. Васильева Наталья Николаевна, жедел жәрдем, анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті;

29. Дедова Ольга Юрьевна, ішкі аурулар кафедрасының ассистенті;

30. Николаева Татьяна Львовна, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының оқытушысы;

31. Коршуков Илья Васильевич, информатика және биостатистика кафедрасының ассистенті.

Сондай-ақ, университет басшылығы университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін бірқатар студенттерді атап өтті. 


0
2071

пікірлер

пікір қалдыру үшін.