Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз оңалту саласында ынтымақтастық орнатамыз

Біз оңалту саласында ынтымақтастық орнатамыз

03 Қараша 2022

Кеше 26.10.2022 ж. "ҚМУ" КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры, неврология, психиатрия және оңалту кафедрасының профессорларының Шмидер клиникасы (KLINIKEN SCHMIEDER) және MEDMOST Компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

Шмидер клиникасы (KLINIKEN SCHMIEDER) – бұл ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, неврологиялық оңалту бойынша жетекші мамандар жұмыс істейтін және оңалтудың ең жаңа тиімді әдістері қолданылатын мамандандырылған клиникалар желісі.

Кездесу барысында оңалту саласындағы екіжақты ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі пайымдар мен кейінгі іс-қимылдары, сондай-ақ, ынтымақтастық шеңберінде құзыреттілік орталығын құру мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ мен Шмидер клиникасы арасындағы өзара түсіністік туралы екіжақты меморандумға қол қою және сыйлықтар алмасуымен аяқталды.

Бірлескен жұмыстың негізгі бағыты тәжірибе алмасу, екі ұйымның базасында дәрістер жүргізу, сондай-ақ профессорлар, дәрігерлер, мамандар мен резиденттердің тікелей ұтқырлығы болатынын атап өткен жөн.Бірлескен жұмыстың негізгі бағыты тәжірибе алмасу, екі ұйымның базасында дәрістер жүргізу, сондай-ақ профессорлар, дәрігерлер, мамандар мен резиденттердің тікелей ұтқырлығы болатынын атап өткен жөн.


0
1505

пікірлер

пікір қалдыру үшін.