Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Теориядан практикаға

Теориядан практикаға

01 Қараша 2022

2022 жылы 13-14 қазан аралығында Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ базасында халықаралық деңгейде «Анестезиологиядағы, реаниматологиядағы және қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық, білім беру конференциясы өтті.

Конференция бағдарламасында анестезиология мен реаниматологиядағы құқықтық аспектілер, резиденттерді даярлаудың өзекті мәселелері, ересектер мен балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының жетекші және өзекті мәселелері қарастырылды.

Жас ғалымдар секциясын комиссия төрағасы, М. Оспанов атындағы БҚМУ анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор   Ж.Н. Саркулова ашқаннан кейін, халықаралық факультет деканы Н.Ж. Джардемалиеваның құттықтау сөз атқан соң, біздің ЖОО-ның «Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы» мамандығы бойынша 1 курс резиденті Лобчук Кристина Евгеньевна, «Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің онкологиялық науқастардың жүйелік гемодинамикасына әсерін салыстырмалы шолу» тақырыбындағы баяндамаменсөз сөйледі. Ғылыми жетекшісі - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Д. В. Васильев.

К.Е. Лобчук ингаляциялық анестетиктің түріне байланысты ота кезеңде онкологиялық бейіндегі пациенттердегі гемодинамика мониторингінің ерекшеліктерін қарастырды және өз баяндамасында қазіргі заманғы анестезиологияда ингаляциялық анестезияны қолданудың кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Кристина Евгеньевна резидентурада аз уақыт оқуына қарамастан, ингаляциялық анестезия теориясы мен практикасы бойынша үлкен клиникалық және ғылыми жұмыс жүргізді. Ингаляциялық анестетиктердің салыстырмалы сипаттамалары және жұмыстың жаңалығы конференцияда  жас ғалым-резидентке сәтті сөз сөйлеуге мүмкіндік берді.

Өз сөзінің соңында қойылған барлық сұрақтарға Кристина Евгеньевна жан-жақты толық жауаптар беруі , осы тақырып бойынша дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Комиссия мүшелері бірауыздан жүргізілген зерттеудің өзектілігі мен жоғары деңгейін атап өтті.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамына, біздің ЖОО-ның барлық резиденттеріне тәжірибелік қызмет пен ғылыми зерттеулерде одан әрі табыстарға жете беруді тілейді, сонымен қатар  Лобчук Кристина Евгеньевнаны конференцияда табысты сөз сөйлеуімен және сертификат алуымен құттықтайды.


0
1241

пікірлер

пікір қалдыру үшін.