Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жетістіктер мен болашаққа деген жоспармен бөлістік

Жетістіктер мен болашаққа деген жоспармен бөлістік

01 Қыркүйек 2022

2022 жылдың 26 жұлдызында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілханов Қарағанды медицина университетіне келді.

Ең алдымен ол университет қаражатына салынып жатқан 400 орындық жаңа студенттік жатақхананың құрылыс барысымен танысты. Екі орындық бөлмелері, спорт және оқу залдары бар заманауи үлгідегі жатақхана Қарағанды қаласының орталығында орналасқан.

Қонағымыз кітапхана-баспа орталығында, ғылыми-зерттеу орталығында және ЖОО мұражайында болып, студенттер үшін арнайы жасалған қолайлы заманауи жабдықтармен, медициналық университеттің жетістіктерін көріп қуанды. Мұражайдың үш залын аралаған М.А. Әзілханов ЖОО тарихы туралы сирек кездесетін фотосуреттер, кітаптар, медициналық мақсаттағы бұйымдар ұсынылған материалдарды көру барысында өз студенттік шағын еске түсірді. Сапар соңында университеттің тілектер кітабына жылы лебіздерін жазып қалдырды.

- Марат Алмасұлы Қарағанды медицина университетінің 1988 жылғы түлегі. Алғашқы жылдары ол Шымкентте дәрігер болып жұмыс істеген, содан кейін мемлекеттік қызметке бет бұрған, екінші білім алып, министрліктерде жұмыс істеген кезеңдері де болған. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істей бастаған сәттен бастап, өзінің Альма-матеріне келіп, студенттермен, оқытушылармен, ғалымдар ұжымымен қауышып, туған университетінің бүгінде қандай жағдайда екенін көргісі келді, - деп бөлісті Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вилен Борисович Молотов-Лучанский. 

- Марат Алмасұлы студент жастардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қоғамдастықтың бүгінгі таңда елімізде құрылып жатқан жаңа Қазақстанның құндылықтары бөлігінде шоғырлануына мүдделі. Бұл туралы Марат Алмасұлы «ҚМУ»КеАҚ-на сапарына дейін Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде айтқан болатын. Ол өз сөзінде біздің өмірімізді қайта құру бағдарламаларын жүзеге асыруда қоғам болып атсалысу керектігін және жастар мен ғылыми қоғамдастық оған жаңа ынталандыруды енгізулері қажеттігін де атап өтті. Бүгінгі таңда бұл жұмыстың өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын көру маңызды, өйткені мұнда шынайы өмір, нақты жетістіктер бар. Біз өз тарапымыздан жаңа студенттік жатақхананың құрылысы туралы айта отырып, Марат Алмасұлын 2022 жылдың соңына жоспарланып отырған ашылу рәсіміне шақырып, қойылған міндеттерді іс жүзінде қалай орындайтынымызды көрсеттік. Біз барлық жетістікке ынтымақтың арқасында қол жеткіземіз!


0
1550

пікірлер

пікір қалдыру үшін.