Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ТМД – ның «Үздік жас ғалымдар-2022» жобасының жеңімпаздары

ТМД – ның «Үздік жас ғалымдар-2022» жобасының жеңімпаздары

22 Маусым 2022

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми - білім беру мекемелері арасында «Үздік жас ғалымдар-2022» «V Халықаралық кітап басылымы» жобасының қатысушылары біздің университетіміздің «Жалпы медицина» мамандығының 3 және 4 курс студенттері, «Патофизиология» СҒҚ мүшелері, студенттік ғылыми жобаның белсенді қатысушылары болды. Топ белсенділері: Амалбаев Елдос, Арықбай Ернұр, Алданғаров Бақдәулет, Баймахан Бекзат, Ерменова Нұрлы, Жайлау Әсел.

ТМД ғылымы мен білімінің дамуына қосқан үлесі үшін балалар «Үздік жас ғалым – 2022» төсбелгісімен, I және II дәрежелі дипломдармен, сондай - ақ «V Халықаралық кітап басылымы» халықаралық конкурсының «Үздік жас ғалымдар-2022» материалдар жинағымен марапатталды.

Ғылыми жетекшілер - қауымдастырылған профессор Абдикадирова Хамида Рахимовна және профессор ассистенті Жиенбаева Қымбат Мұратқызы еліміздің білім және ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және жас ғалымдарға жобада, сондай-ақ талантты жастарды тәрбиелеуде көрсеткен қолдауы үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Біз осындай талантты және жас ғалымдарды мақтан тұтамыз және еліміздің медицина саласындағы білім мен ғылым жолында зор табыстар тілей отырып, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Патология кафедрасының ұжымы


0
2202

пікірлер

пікір қалдыру үшін.