Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Барлығы бір қолдан» қағидасы бойынша клиника құру қарастырылуда

«Барлығы бір қолдан» қағидасы бойынша клиника құру қарастырылуда

20 Маусым 2022

Австриялық «Vamed» компаниясының өкілі Оғызхан Сюраль Қарағанды медицина университетінде болып қайтты.

Компания  Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларды әзірлеуден, жобалаудан бастап медициналық мекемелердің құрылысына дейін іске асырады.

ЖОО басшылығымен-Басқарма Төрағасы– Ректордың м.а. А. А. Тұрмұхамбетовамен кездесуде   университеттің өзіңнің заманауи клиникасын құру жобасының көрінісі талқыланды.

Оғызхан Сюраль компанияның Австрияда құрылғанын және қазір бүкіл әлемде Денсаулық сақтау саласында, оның ішінде алдын алу, шұғыл көмек, оңалту және күтім мәселелері бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.  Оның қызметінің негізгі сәттерінің бірі жобалауды жоспарлауды, объектілерді салуды, сондай-ақ оларды басқару қызметтерін көздейтін «Барлығы бір қолдан» қағидасы болып табылады. Дәл осындай тәсілді аустриялық тарап Қазақстанда, атап айтқанда Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында университеттік клиникалар құруға қатысты ұсынады.


0
1982

пікірлер

пікір қалдыру үшін.