Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Заманауи университеттік клиника құрылысының жобасы талқыланды

Заманауи университеттік клиника құрылысының жобасы талқыланды

14 Маусым 2022

2022 жылдың  10 маусымында Азия даму банкінің Вице-президенті Ашок Лавас "Қарағанды медицина университеті"КеАҚ - да жұмыс сапарымен болды.

Сапар қонақтардың жоғары оқу орны басшылығымен іскерлік кездесуінен басталды, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 300 төсектік меншікті университеттік клиника құрылысының жобасы талқыланды.

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру кезеңінде 2025 жылға дейін бес университеттік аурухана, оның ішінде Қарағанды қаласында салу туралы шешім қабылдады. Азия даму банкін Денсаулық сақтау министрлігі осы университеттік клиника құрылысы бойынша концессиялық жобаны сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету үшін тартты.

Объектіні құруға: 300 төсектік тәуліктік стационар, оның ішінде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, динамикалық бақылау төсектері, ана мен баланың бірге болу төсектері, төсек қорының құрамына кірмейтін қабылдау-қарау бокстары, сондай-ақ 150 келушіге арналған консультациялық-диагностикалық орталық, зертханалар, амбулаториялық орталық, хирургия,  симуляциялық орталық және тағы басқалары кіреді.

  Тәуліктік стационар хирургия, ішкі медицина, кардиология және ангиохирургия, уронефрология орталықтары бар барлық бейінді бөлімшелермен ұсынылатын болады. Аурухана ғимаратында компьютерлік томографты, сандық рентген қондырғысын, магнитті-резонанстық томографты, ангиографиялық қондырғыны, қашықтықтан литотрипторды орналастыру көзделеді.

  Халыққа толыққанды және сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ клиниканың барлық өмірлік маңызды процестерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 1084 жұмыс орнын (1129 штат бірлігі) құру көзделген.

  Кездесуде Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лавас атап өткендей, мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі бүкіл әлемде қарқын алуда және осы модельдің қолданылу аясы өте алуан түрлі.

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма төрағасының м.а. Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова Қарағанды облысы МЖӘ саласындағы, атап айтқанда Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру тұрғысынан Қазақстан Республикасында көш бастап тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, Азия даму банкінің өкілдеріне университет клиникасы құрылысының жобасына қолдау көрсеткені және қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, осы бағыттағы жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

  Қонақтар "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Білім беру және симуляциялық технологиялар орталығында болып, ЖОО-ның Халықаралық медицина факультетінде білім алып жатқан шетелдік студенттермен кездесті.


0
1759

пікірлер

пікір қалдыру үшін.