Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Референдумға орай

Референдумға орай

23 Мамыр 2022

18 мамыр күні Қарағанды медицина  университетінде білім алушылар мен қызметкерлердің ҚР Конституциясына өзгерістерді түсіндіру жөніндегі ақпараттық топ өкілдерімен кездесуі келесі құрамда өткен болатын: Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Ж. К. Камали, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Башай Меруеш, полиция подполковнигі, ҚР ІІМ Б. Бейсенов  атындағы Қарағанды академиясының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы  О. А. Ладыгина, полиция полковнигі, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары Т.С. Салкебаева және «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қоғамдық-саяси жағдай, ақпараттық-насихаттау жұмысы секторының меңгерушісі С. К. Аубакирова қатысты.

Кездесуді «ҚМУ»  КеАҚ Басқарма төрағасы-ректорының м.а.  Тұрмұхамбетова А.А. ашты. Анар Ақылбекқызы ел Конституциясына қабылданып жатқан өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын атап өтіп, ақпараттық топ қатысушыларының аудиториясын таныстырды және кездесуге қатысушылардың барлығы 5 маусымда өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, жаңа Қазақстанды таңдай отырып, референдумға қатысатынына сенім білдірді.

Ақпараттық топ қатысушылары жиналғандарға алдағы конституциялық реформаның мәні туралы айтып, негізгі заңға енгізу үшін ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндірді. Қонақтар облыстың барлық тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетеді деп үміттенеді.


0
1546

пікірлер

пікір қалдыру үшін.