Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Біз-әртүрліміз, біз-бірдейміз, біз-біргеміз»

«Біз-әртүрліміз, біз-бірдейміз, біз-біргеміз»

06 Мамыр 2022

28 сәуір - Қарағанды медицина университетінде маңызды күн: тоғызыншы рет «Біз-әртүрліміз, біз-бірдейміз, біз-біргеміз» атты студенттік фестиваль өтті.

Фестивальді құттықтау сөзімен академиялық жұмыс жөніндегі проректор Виктор Петрович Риклефс ашты.

Концерттік бағдарлама Gadhe Payal Vikrambhai орындаған әсем үнді биінен басталды. Оның костюмы, көзқарасы, мінез-құлқы, қимыл-қозғалыстардың икемділігі көрермендерді сиқыр мен ертегінің атмосферасына батырды.

Sharma Dheeraj көрермендерді өз дауысының жұмсақ тембрімен баурап алды.

Үндістаннан келген студенттер бізді өз шығармашылығымен әлі талай қуантатынына күмән жоқ.

Өткеніміз бен бүгінгі күнімізді байланыстыратын «На Востоке, на востоке чайхана» әнін орындағаны үшін денсаулық сақтау мектебінің студенттері Ермеков Ұланға алғыс айтамыз. Көрермендерге Әбжаппар Ақеркенің биінің нәзіктігі, сұлулығы мен жарқындығы қатты ұнады.

Резидентура және кәсіби даму мектебінің оқушылары «Тұсау кесу» дәстүрін және қолданбалы шығармашылықтарын ұсынды.

Медицина мектебінің студенттері Ерболатова Құндыз бен Бақытжан Оразәлі вокалдық қабілеттерін ғана емес, сондай-ақ түрік және украин тілдерін жетік білетіндіктерін көрсетіп, «Чилик Кокусу» және «Спи собi сама» әндерін тамаша орындаумен қуантты.

Аспаптық музыка әуесқойлары музыканттардың ерекше қойылымдарын тыңдап, көрді: медицина мектебінің студенті Рамазанова Іңкәрдің орындауында қобыздың керемет дыбыстары естілді, оның қобызға арналған пьесасын құстардың әнімен немесе адамның нәзік дауысымен салыстыруға болады. Жандосов Бексұлтан, колледж студенті, Құрманғазының «Адай» күйін домбырада виртуозды орындауымен көрермендерді тәнті етті.

Мейіргерлік білім беру мектебінің студенті Төлекбай Әйгерім өз шығармасын орындап көрермен алғысын алды. 

Бағдарламаның әдеби бөлігін неміс тілінде мейірбике ісі мектебінің студенті Воронин Егор жалғастырды.

Фармация мектебінің студенттері көңілді және серпінді би, «Андижанская полька» орындады.

«Қаракөз» ансамблі орыс биінің өзіндік ерекшелігі мен сұлулығын және «Шаңырақ» композициясын көрсетіп, бізді тағы да қуантты.

Жарқын костюмдер, күлкі мен керемет қойылымды көптеген көрермендер атап өтті.

Фестивальдің барлық қатысушылары дипломдармен, ауыспалы кубок қазылар алқасының бірауыздан шешімімен мейіргерлік білім беру мектебіне табыс етілді.

Бұл жай ғана фестиваль мен байқау емес, бұл тек марапаттар емес, бұл бірлік, бұл университеттің мәдени және шығармашылық өміріндегі құбылыс. Шығармашыл жастардың достығы мен бірлігі өмір сүрсе, фестиваль де өмір сүреді.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
1391

пікірлер

пікір қалдыру үшін.