Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Долинкаға сапар

Долинкаға сапар

27 Сәуір 2022

21 сәуірде «Жалпы медицина» мамандығының 1023 тобы Карлаг орталығы тоталитарлық режим жылдарында орналасқан Қарағанды облысының Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін мұражайына барды. Біздің университеттің басшылығы бізге осы сапар үшін көлік – жолаушылар газелін ұсынды.

  Жақында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні аясында кеңестік кезеңді зерделеген студенттер, өткен ғасырдың 30-50 жылдарындағы экспонаттарды көре алды, Карлагта қамаудағыларды ұстау шарттары туралы экскурсоводтың қызықты әңгімесін тыңдады, карцер, НКВД тергеушісінің кабинеті, түрме изоляторы және т.б. сияқты лагерлік «атрибуттар» қалпына келтірілген мұражайдың инсталляцияларын көрді.

Карлагта медицинаның болуы туралы қызықты мәліметтермен танысты, айтап кетсек, қуғын-сүргінге ұшырағандардың, ішінен қамаудағыларды емдеуді дәрігерлер мен фельдшерлер жүзеге асырды, Карлагта тіпті оталар да жүргізілді. Нашар тамақтану мен ұстаудың қиын жағдайларына байланысты тұтқындар арасында эпидемиялар жиі өршіп тұрды: науқастар изоляторларға жіберілді, ол көбінесе тақталардан қаланған сарай болатын. Елдің жазықсыз азаматтары – КСРО-ны, оның ішінде қазақстандықтарды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырған тоталитарлық режимнің адамгершілікке жатпағанына қарамастан, тұтқындар біздің аймақтың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына айтарлықтай үлес қосты.  Карлаг жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары өсірілді, мал өсіру бойынша рекордтар қойылды, тұтқындардың еңбегі өнеркәсіп объектілерінің: шахталардың, жолдардың құрылысында, құрылыста пайдаланылды.

Экскурсия жетекшісі студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мұражай аумағында біз кеңес дәуірінің қайраткерлеріне арналған ескерткіштерді көрдік: Дзержинский Ф., Ленин В.И., Кеңес дәуірінің символы – «Орақ пен балға» ескерткіші және олардың фонында суретке түсуге мүмкіндік берілді.

    Кері жолда біз 2008 жылы «Абай» шахтасындағы ірі апат кезінде қаза тапқан Қарағанды шахтерлерінің бейітіндегі ескерткіш – монументте болдық. 30 адам - әр түрлі ұлт өкілдері, батыл және қауіпті кәсіптің өкілдері мәңгі жер астында қалды. Дәл осы жердің үстінде қара мәрмәрден ескерткіш тұрғызылды, онда біз қайтыс болған кеншілердің суреттерін көре алдық, оларды үнсіз еске алдық.

    Студенттердің айтуынша, бұл сапар бәрімізге Тәуелсіз Қазақстанның өткені туралы көптеген жаңа ой, білім берері шексіз.

 Профессор ассистенті Долгополов А.Б.   


0
1621

пікірлер

пікір қалдыру үшін.