Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай

03 Желтоқсан 2021

2021 жылдың 30 қарашасында Мейіргерлік білім беру мектебінің 101 КОМ топ студенттері топ жетекшісі Жакишева Гульбахрам Серіқызымен бірлесіп, Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік ашық сынып сағатын өткізді.

       Ашық сынып сағатына Мейіргерлік білім беру мектебінің деканы Қарлығаш Амангелдіқызы Естемесова, әлеуметтік жұмыс жөніндегі декан орынбасары Айман Игілікқызы Оңғарбаева, академиялық жұмыс жөніндегі декан орынбасары Нұржамал Таукенқызы Жакетаева, «Самұрық» студенттік республикасының Президенті Әділет Райбаев, «Самұрық» студенттік республикасының министрі Таңатар Арайлым шақырылды.

     Білім алушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттің  қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөліне арналған презентация дайындады. Студенттер үлкен қызығушылық таныта отырып, логикалық сұрақтар және ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған викторинаға қатысты. Студенттер өлеңдер оқып, әндер мен күйлер орындады. 

          «Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің ішкі саясаты мен сыртқы саясатын дамытуға зор үлес қосқан әлемдік ауқымдағы көшбасшы деп танылды. Оның жастарға, елдің болашағына деген сенімі - Тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізі», - деп атап өтті Қарлығаш Амангелдіқызы.


0
1593

пікірлер

пікір қалдыру үшін.