Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның заманауи тарихын зерттейміз

Қазақстанның заманауи тарихын зерттейміз

22 Қараша 2021

2021 жылдың 12 қараша күні Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасында тарихи – өлкетану үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқып жатқан студенттердің ұсынысы бойынша біз 1979-1988 жылдары Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарына Қазақстаннан жауынгерлерінің қатысуына байланысты тақырыпты қозғауды шештік.

«Уақыт бізді таңдады!» тақырыптағы презентациямен «Стоматология» мамандығының 1 курс студенті – Черноусова Екатерина сөз сөйледі. Біздің өтінішіміз бойынша ол кездесуге ауған жауынгері И.А.Черноусовты шақырды. Ауған ардагері бізбен интернационалдық борышын атқарған, Кеңес сарбаздарымен жүргізген әскери операцияларға қатысқаны туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, кеңес дәрігерлері мен медициналық қызметкерлердің далалық жағдайда жараланған жауынгерлерге көмек көрсету жөніндегі ерлік жұмыстары туралы сөз болды.

Әр түрлі кеңестік республикалардан шақырылған кеңес сарбаздарының патриотизмі мен борышы туралы сөздері біздің аудиторияға қатты әсер етті. Студенттер, интерндер мен жас дәрігерлер Игорь Александровичтен ашық жауап алып, көптеген сұрақтар қойды.

 Қатысушылардың айтуынша, кездесу жауынгерлердің ерлігі, патриотизм және өздерін құрбан етуге деген ұмтылысы сияқты қасиеттері, ұрпақтарға терең құрмет пен тағзым етуге лайық.

Тарихи – өлкетану үйірмесінің жетекшісі:

профессордың ассистенті А.Б. Долгополов.


0
1356

пікірлер

пікір қалдыру үшін.