Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқытуға арналған кітапхана-баспа орталығының ақпараттық ресурстары

Оқытуға арналған кітапхана-баспа орталығының ақпараттық ресурстары

21 Қараша 2021

Қараша айының 8-17-сі  аралығында мейірбикелік білім беру мектебінің 1 курс студенттеріне арналған Кітапханалық-библиографиялық сабақтар өткізілді. Аталған сабақтардың мақсаты-университеттің электрондық кітапханалық жүйелерімен және ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуі мен практикалық дағдыларына үйрету.

Сабақтың  басында студенттер үшін кітапхана-баспа орталығы  экскурсия ұйымдастырылды. Сабақ барысында білім алушыларға кітапхананың электрондық каталогының кең сервистік мүмкіндіктері, сондай-ақ университеттің лицензиялық жазылымы бойынша қолжетімді білім беру және ғылыми электрондық ресурстар ұсынылды. Ақпаратты іздеу мысалдарында кітапханалық-баспа орталығының қолжетімді электрондық кітапханалары мен электрондық-кітапханалық жүйелерін тіркеудің сервистік мүмкіндіктері мен шарттары көрсетілді: «Студент кеңесшісі» ЭКЖ, «Мультимедиялық оқулықтар порталы», «Эпиграф», «AKNURPRESS цифрлық кітапханасы», «Лань» ЭКЖ, «Book-UP» ЭКЖ, «CompleteAnatomy» виртуалды атласы, «Cochrane Library», «ClinicalKey», «Scopus», «Web of Science» ғылыми дәйексөз дерекқоры.

Кітапхана-баспа орталығы университет білім алушылары мен қызметкерлерін ыңғайлы уақытта оқу сабақтарына шақырады. Сабақтарды ұйымдастыру мәселелері бойынша библиография блогына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 50-39-30 (ішкі. 1654, 1655),  немесе электрондық пошталарына : Arazniyazova@qmu.kz, Rymbekova@qmu.kz  және де сілтеме бойынша сабаққа тіркелу нысанын толтырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/1cO5BvZDtf37f1wydNaDI4B6afpKjl7onXlNuqjPG9U/edit?usp=sharing


0
1405

пікірлер

пікір қалдыру үшін.