Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жетістік формуласы»

«Жетістік формуласы»

25 Қазан 2021

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жоғары курс студенттері медицина мектебінің маманы Токжуманова Гүлжанат Маратқызы жетекшілігімен «Сарыарқа» телеарнасындағы «Жетістік формуласы» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама қонағы - Х.Мақажанова атындағы көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Махамбаев Ғабит Жангелдинұлы, Қарағанды облысынан тыс жерде де танымал нейрохирург. Ол 20 жылдан астам тәжірибесі бар керемет дәрігер ғана емес, сонымен қатар тамаша адам.

Ол нейрохирургиялық патологиялар кезінде,туа біткен гидроцефалия, мидың қарыншаішілік ісіктері, бассүйекішілік гематомаларға эндоскопиялық ота жасау, сонымен қатар омыртқа бағанының әртүрлі патологиялары кезінде оталық араласудың жаңа әдістерін тәжірибиеге еңгізді.

Бағдарлама барысында студенттер қонаққа өте қызықты сұрақтар қойды: оның студенттік жылдары, бірінші отасы, нейрохирургиядағы қызықты жағдайлар, оның командасы, нейрохирургиядағы заманауи тенденциялар туралы, сондай-ақ студенттерді одан әрі дамыту үшін кеңестер мен нұсқаулар беруді сұрады.

5-курс студенті Төлеген Асем ең үздік әрі қызықты сұрақ үшін Ғабит Жангелдинұлынан сыйлық алу бақытына ие болды.

Студенттер осы кездесуден керемет әсер алды, дәрігермен өзекті тақырыптарды талқылады. Ғабит Жангелдинұлы хаттамаларда өз қолтаңбасын қалдырды және студенттермен естелік суретке түсті.


0
1711

пікірлер

пікір қалдыру үшін.