Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Жаз мектебі"

"Жаз мектебі"

30 Шілде 2021

 2021 жылдың 26-30 шілде аралығында КеАҚ "ҚМУ" симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы "Жаз мектебі" тақырыбында жас мамандарға арналған курсын өткізді. Курс тыңдаушылары ретінде КеАҚ "Қарағанды медицина университетінің"  және АҚ "Астана медицина университетінің" жас оқытушылары қатысты.

Оқыту "Webex" платформасында қашықтықтан өтті. Біліктілікті арттыруды академиялық жұмыс жөніндегі проректор, медициналық білім берудің халықаралық магистрі, Маастрихт университетінің (Нидерланды) түлегі Риклефс Виктор Петрович пен СББТО директоры, Халықаралық медициналық университеттің (Малайзия) "Болашақ" бағдарламасы бойынша түлегі Кемелова Гулшат Сейтмуратовна жүргізді. Оқыту бағдарламасы шеңберінде оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану, бағалаудың объективті әдістерін пайдалану және студенттерді оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге ынталандыру және жігерлендіру мақсатында сындарлы кері байланыс беру туралы ақпарат ұсынылды.

Жаз мектебінің соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, педагогикалық біліктілікті арттыру курсының өзектілігін атап өтті.


0
1857

пікірлер

пікір қалдыру үшін.