Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Фельдшерлерді кідіріссіз көмек көрсетіу дағдыларына үйрету

Фельдшерлерді кідіріссіз көмек көрсетіу дағдыларына үйрету

02 Шілде 2021

КеАҚ "Қарағанды медицина университеті"  симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының жаттықтырушылары А.С. Сапарова мен Р. А. Мұхаметжанова 2021 жылдың 28 маусымы мен 2 шілдесі аралығында ҚМК №5 емханасының (Қарағанды қаласы) екі фельдшерін оқытты.

"Кідіріссіз көмек көрсету дағдылары" атты оқыту семинары теориялық дайындық пен практикалық сабақтар түрінде жүргізілді. Бұл оқыту семинары төтенше, сыни жағдайларда қызметкерлердің белсенді әрекет етуін арттыру мақсатында медициналық білімі бар адамдарға арналған. Тыңдаушылар ҚР ДСМ хаттамаларына сәйкес медициналық, симуляциялық жабдықтар мен қолда бар заттарды қолдана  отырып, ЖКС, BLS, ACLS, PALS, TALS кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын пысықтады.

 Тыңдаушылар оқытудың соңында, яғни сынақ барысында меңгерген практикалық дағдыларын көрсетті. 


0
1912

пікірлер

пікір қалдыру үшін.